5 күн бойы адасқан қызылордалық сексеуіл тұқымын азық еткен

 Қызылорда облысында далалықта бес күн бойы адасып кеткен ер адам аштан өлмеу үшін шөппен және сексеуіл тұқымымен қоректенген, - деп хабарлайды СТВ телеарнасы. Полиция жергілікті обаға қарсы мекеменің жұмысшысын адасып жүрген жерінен құтқарды.

Ол Қармақшы ауданындағы Қуандария ауылынан қызметтік автокөлігімен Қосқұдық станциясына шыққан. Бірақ діттеген жеріне жетпейді. Үш тәуліктен соң полицияға бір ер адамның адасып кеткені туралы хабар келіп түсті. "Адамның жоғалып кеткені туралы ақпаратты алғаннан кейін шұғыл түрде жеті іздеу тобы құрылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына "Қазәуеқұтқару" акционерлік қоғамының Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды. Із-түссіз жоғалған адамның жүрген бағыты мұқият тексерілді. Іздеу жұмыстарының екінші күні ер адам аман-есен табылды. Қазіргі уақытта ол отбасымен бірге", - деді Қызылорда облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бөлім жетекшісі Жалғас Жүсіпов.

Ер адамның айтуына қарағанда, ол далалықта аман құтқарылатынына үміттенбеген де. Жанармайы мен телефонының қуаты таусылған. Бес күн ішінде ол шөп пен сексеуіл тұқымын жеген. Адасып жүріп, шопандар қазған құдықты тауып алыпты. Үстіндегі киімін қауға орнына пайдаланып, құдықтан су алып ішкен. Күшін жоғалтып, күдерін үзе бастаған кезде, соңғы жазба қалдырып та үлгерген. Машинасының сыртына "Папа, мама! Сіздермен қоштасқым келмейді!" деп жазыпты. Енді адасқан жігіт отбасымен аман-есен қауышып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста