Мәжіліс депутаттары "2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұған дейін 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі 299 -жарлығымен Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 4 трлн 770 миллиард теңге мөлшерінде анықталған болатын. Заң жобасында бұл соманың 2020 жылға арналған қолданыстағы Кепілдендірілген трансферт туралы заңда көрсетілуі қарастырылған", - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде.
 
Заң жобасын мәжіліс депутаттары мақұлдады.