Синоптиктер 22-24 желтоқсанында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын болып, жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
"Синоптикалық процестердің жылдам өзгеруі ауа температурасының күрт секіруіне ықпал етеді. Дәлірек айтқанда елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасының ауытқуы 23 желтоқсанға қараған түні -20 ... -35 ° C-қа дейін төмендейді. 24 желтоқсанда түнде -5 ..-20°C дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.
Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде, болжам бойынша, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.