"МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесіне 16 млн қазақстандық енгізілген, бұл халықтың 84 пайызы. Қалған 3 млн-нан астам адам МӘМС жүйесінде жоқ.
Оның ішінде 1,6 млн адам тұрақты медициналық жарна төлемегендіктен және 1,4 млн адам ешқандай жарналық төлем жасамаған. МӘМС жүйесін енгізу жұмыстарына қатысты Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл облысы және Алматы қаласы әкімдіктері ерекше мән бергені абзал. Аталған аймақтар халқының медициналық сақтандыру санаты 80 пайыздан аспайды", - деді Әлеуметтік -медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов.
 Айта кетсек, бүгін елордада Денсаулық сақтау министрлігінің онлайн түрде кеңейтілген алқа отырысы өтті.