29 жасымда махаббаттың не екенін сездім: Жәния Джуринская тұрмысы жайлы

29 жасымда махаббаттың не екенін сездім: Жәния Джуринская тұрмысы жайлы

Жәния Джуринская тұрмысқа шықты. Мұсылмандық жолмен некелесіп, ақ келін атанды. Бүгінде бал айын шетелді өткізіп жатыр. Ұзақ жүріп тұрмыс құрмай жүрген актриса бұл әрекетіне еш өкінбейді. Себебі шын махаббатпен енді ғана кезіктірген.

Бұл туралы Жәнияның өзі желідегі парақшасында жазды. 

"Мен сыныптастарымның ішінде ең соңғы болып тұрмысқа шықтым. Қыздардың бәрі ақ көйлекті армандағанда мен мансапты ойладым. Жасыратыны жоқ, туыстарымның, жақындарымның бәрі тұрмыс туралы айта бастады. Бала туу керек екенін құлағыма құя берді. Бірақ менің жүрегім тұрмыс құруды қалаған жоқ. Мен махаббатты күттім. Тұрмысқа шығу керек болғаны үшін емес, өзім қалаған уақытта отбасын құрғым келді. Ақыры арманым орындалды. Мен өзімді сүйетін, өзім сүйген жанды таптым. Адал, сенімді, ең мейірімді жан. Ертегідегі менің ханзадам", - деп жазды ол.

Жәния 30-ға таяу жасында келін атанып, сүйіктісімен бас қосты. Бұл әрекетін еш өкінбейді. Махаббатсыз ерте тұрмыс құрғанша, уақыт өтсе де махаббатпен тұрмыс құрыңдар деп кеңесін айтты. 

"Біздің менталитетімізде өзіңше өмір сүру қиын. Әрбір туысың тұрмыс құру керек екенін айта бастайды. Ондайда қыздар тек соны ойлайды. Бұрынғы кездескен адамына ерегеседі, не туыстарының сөзі әсер етеді. Әйтеуір махаббатсыз тұрмысқа шығады. Бұл соған лайық па? Әркімнің өз жасы бар. Тұрмысқа шығатын уақыт келеді. Өзіңізді тыңдаңыз.

Мен махаббаттың не екенін білемін деп ойлайтынмын. Бұл сезімді 29 жасымда бастан өткердім. Сіздерде де осындай махаббат болсын. Айтайын дегенім, сезімсіз сүйіспеңіздер", - деп жазды актриса. 

Желі қолданушылары ақ тілегін айтып, бақыт тіледі. Оның ойын қолдайтындарын жазып жатыр. 

Айта кетейк, актрисаға сүйіктісі тұрмыс құруға ұсыныс жасаған еді. Қуанышы қойнына сыймаған ол бұл туралы желіде жазды. Алла алдында ақ адал неке қиылды. Жастар заңды ерлі-зайыпты атанды. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста