29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мамандары 29 қыркүйек күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республиканың солтүстік, шығыс және орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады.
Қазақстан аумағының қалған бөлігінде күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.
Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.