2022 жыл тұтас қоғамның болмыс-бітімін өзгерткен уақыт болды – Ерлан Қошанов

2022 жыл тұтас қоғамның болмыс-бітімін өзгерткен уақыт болды – Ерлан Қошанов

Парламент Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов VII шақырылым депутаттарының өкілеттігі аяқталуы мен атқарылылған жұмыстарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Бүгін Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаттарының өкілеттігі аяқталды. Бұл да бір тарихи белес. Президент қыркүйек айында бүкіл электоралдық циклді ашық түрде жариялағанын білесіздер. Соған сәйкес, былтыр Президент сайлауы, кеше ғана Сенат сайлауы өтті. Енді Мәжіліс пен мәслихаттардың қайта жасақталуы –  заңдылық. Осылайша елдегі конституциялық реформалар жалғасады, саяси институттар жаңарады», - деді Мәжіліс спикері.
Ерлан Қошанов осы шақырылымның мерзімі қысқа болса да, қызметі сапалы әрі мазмұнды болды деп санайды.

«Біз халқымызбен, қоғаммен, әр азаматпен мейлінше ашық, тығыз қарым-қатынас орнатуға тырыстық. Барлық мәселеде конструктивті, белсенді жұмыс істедік. Депутаттар өңірлерде туындаған проблемалардың, қызып тұрған мәселелердің бел ортасында жүрді. Маңызды конституциялық заңдарды қабылдадық. Мемлекетте түбегейлі институционалдық өзгерістер болды. Біз Президентіміздің Мәжіліске жүктеген міндеттері мен тапсырмаларын толықтай орындадық. Ең бастысы, әлеуметтік сала заңнамалық тұрғыда толықтай қамтамасыз етілгенін айтуымыз керек», - Ерлан Қошанов.
Мәжіліс қабырғасында парламенттік тыңдау өткізу дәстүрге айналды.

«Соның екі отырысы қасіретті қаңтар оқиғасына арналды. Жұртшылықты толғандырып жүрген өзекті сұрақтарға ашық жауап берілді. Әрине, бұл оқиға – тәуелсіздік тарихындағы ауыр сынақ. Сол қиындықтарды бүкіл ел болып, Президентімізбен  бірге еңсердік. Бұл мемлекет үшін үлкен бетбұрыс кезеңіне айналды. Бір сөзбен айтқанда, 2022 жыл мемлекеттің басқару жүйесін жаңартып-жаңғыртқан, тұтас қоғамның болмыс-бітімін түпкілікті өзгерткен уақыт болғаны сөзсіз. Баршамыз мемлекетіміздің игілігі үшін бірге жұмыс істедік. Осы орайда Мәжіліспен тығыз байланыста болған журналистер қауымына, қоғам белсенділеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз», - деді Мәжіліс спикері.
Сондай-ақ ол осы құрамдағы депутаттарға сын айтылғанына да тоқталып өтті.

«Жасыратыны жоқ, осы құрамға біраз сын да айтылды. Біз сол сын-ескертпелерден қорытынды шығарып, жұртшылықтың үмітін ақтауға барынша күш салдық. Бізге сенім артқан сайлаушыларға, жалпы халқымызға деген алғысымыз шексіз. Біз алдағы уақытта да Мемлекет басшысының реформаларын табысты жүзеге асыруға күш саламыз. Енді алдымызда азаматтардың тұрмысын түзеп, әл-ауқатын жақсарту міндеті тұр. Барлығымыз осы мақсат жолында жұмылуға тиіспіз», - деп қорытындылады Ерлан Қошанов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста