Биыл Қазақстанда 14 тарихи ескерткіш қалпына келтіріледі. Бұл туралы "ҚазАқпарат" "Қазреставрация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Қанат Тұяқбаевқа сілтеме жасап хабарлайды.
"2015-2017 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, біз 30 тарихи-мәдени нысан бойынша жұмыс істейтін боламыз. Оның ішінде биыл 14 ескерткішті жөндеу жоспарланып отыр", - деді Тұяқбаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
"Қазреставрация" мекемесінің басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2004 жылдан бері қолға алынған "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында Қазақстанда республикалық маңызы бар 73 тарихи-мәдени және рухани ескерткіштің қалпына келтірілгенін еске салып өтті.