Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда ауа райы әлі де қарлы болады.
"Қазгидромет" синоптиктері көктемнің алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда ауа райы әлі де қарлы болады.
2-4 наурызда атлантикалық циклон Қазақстанға қар мен жаңбыр әкелетіні хабарланды. Сондай-ақ, солтүстік өңірлерде көктайғақ, тұман болады, жел күшейеді. 
Еске салайық, 1 наурызда Қазақстанның көптеген облысында жолдар жабылды.