Синоптиктер жұма, яғни 15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ауқымды антициклон жотасының әсерінен республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында жел 20-25 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі.
Атырау облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Түнде Павлодар облысының батысында тұман түседі.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.