Қарағанды полициясы Lexus көлігін тізгіндеген оқушыға қатысты видеоның егжей-тегжейін зерттеуде.
Еске сала кетсек, Қарағанды тұрғыны көліктегі бейнебақылау жазбасына оқушы қыздың Lexus көлігін жүргізіп жүргенін жазып алған.
Бейнематериалды YouTube арнасына lexter890 есімді пайдаланушы орналастырған.
Онда көліктің артқы орындығына оқушы қыз сөмкесін қойып, өзі жүргізуші орнына отырды. Бұдан кейін көлікке баласын ұстаған әйел келіп, жүргізушінің қасына отырады. Қыз бала көлікті оталдырып, жолға қарай беттегені көрінеді.
"Көліктің иесі анықталды, ол заңнама аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп түсініктеме берді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Тақырыбы өзгертілген