11 судья қызметінен босатылды
Президент Жарлығымен еліміздің бірнеше қаласы мен облыстарындағы соттардың судьядары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Жарлыққа сай қызметінен кеткендер:
- Отставкаға кетуіне байланысты Шымкент қаласы сотының судьясы Жамашов Низамиддин Қазыбайұлы;
- Отставкаға кетуіне байланысты Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Қанат Болатұлы Махметов;
- Отставкаға кетуіне байланысты Жамбыл облыстық сотының судьясы Төлесбай Самат Нүкеұлы.
- Отставкаға кетуіне байланысты Астана қаласы Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Пернекұлова Жанира Айдарбекқызы.
- Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ақмола облысы Аршалы аудандық сотының төрағасы Шалабаев Олжас Серікұлы;
- Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Арлан Ермекбайұлы Қосжанов.
- Отставкаға кетуіне байланысты Жетісу облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Башенова Гүлсұлу Мырзағалиқызы.
- Отставкаға кетуіне байланысты Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы сотының судьясы Айтжанов Қайыржан Мейірханұлы отставкаға кетуіне байланысты;
- Отставкаға кетуіне байланысты Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының судьясы Оралбекова Қорлан Қуанышбекқызы.
- Отставкаға кетуіне байланысты Павлодар қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Нуркиев Асхат Габдрауфович.
Президент Жарлығы қол қойған күннен, яғни17 шілдеден бастап күшіне енді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сәйкес Жарлығымен бірнеше өңірдегі соттардың судьялары тағайындалды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz