Салтанант Солтанкелдин: "Доңыз жылға..."

Осыдан он шақты жыл бұрын, елімізге Атажұртын аңсап келген Салтанат Солтанкелдиннің бірнеше жыр шумақтарын назарларыңызға ұсынып отырмыз! Тілі шұрайлы, өлеңдерінде ерекше өрнек бар екені, әр жырының ар жағынан сан түрлі эмоция көрініп, адамға ой салатын ақынның жырларын Сіздер де оқып көріңіздер! "Бар мен жоқты" оқи отырып, жалған дүниеде бар мен жоқтың арасы бар болғаны сынық сүйем ұғымдар екенін ұға түсесің! Түйсігіңмен барды жоқты осы өмірде маңыздысы адамдықты сақтап қалу екенін ұғасың! Әсіресе "Келдім саған Туған ел" өлеңі патриоттық сезімді оятып, жаныңа ерекше рух сыйлайды, туған елдің қадірін ұқтыра түседі! Енде қош келдіңіз өзіңіздің Туған еліңізге, өз жеріңізге Салтанат аға! Кеше ғана Жазушылар одағында шығармашылық кешін өткізген ақын ағамызға ақ жол тіледік!

 

Доңыз жылға ...

Доңыз жылым келдің бе домаланып,
Шуағыңа сенің де ораналық.
Жасымызға қосылса жас та келіп,
Армандар да жатса екен жаңаланып.

Ырысты жыл ит жылым болғаны анық,
Түгелденіп төртеудің толғаны анық.
Аттандырдық итті де ізетпенен,
Аузын майға, аяғын балға малып.

Барады озып уақыт бұрылмастан,
Самайыма қараймын буырыл басқан.
Доңыз жылым болса екен сенің дағы,
Күнің дастан, таусылмас түнің дастан.
Сенімсіздік түсірмей сенгеніме,
Ат байладым сенің кеп белдеуіңе.
Шүкіршілік етемін жаратқанға,
Аман-есен өзіңді көргеніме.

Арманымды жалғайын ақ таңыңа,
Тыныштықтың гүлін ек бақтарыма.
Мына өмірдің алып шық өзіңе аман -
Шатпағы мен, аунатпай батпағына.

2018.12.31

 


"Келдім саған туған ел"

Күлімдеп атқан таңсың деп,
Айтылар мәңгі əнсің деп.
Ата-бабам қорғаған,
Ата-жұртым барсың деп.
Алдымен айттым ақ тілек,
Бақ жұлдызың жансын деп.
Егеменді елдігің,
Тамырын терең алсын деп.
Қазақты қансыз дегенді,
Сын тезіне салсын деп.
Онан соң жұттым ауаңды,
Қаныма өтіп барсын деп.
Суыңды іштім шөліркеп,
Бойыма қуат, нəрсің деп.
Топырағыңды иіскедім,
Жан құмарым қансын деп.

Егеменді елсің деп,
Шалқып жатқан көлсің деп.
Иісі қазақ баласы,
Малдас құрар төрсің деп.
Шашылып кеткен қандастың,
Көшіп бəрі келсін деп.
Көк туыңа қарадым,
Енді кімнен кемсің деп.
Асқақтатар рухты,
Əнұраным сенсің деп.
Астанамды əлеммен,
Терезесі теңсің деп.
Ертіп келдім баламды,
Ата-жұртын көрсін деп.
Ерлігін көріп елінің,
Есейсін деп өршіл боп.

Қанша жыл жүрдім елеңдеп,
Сағынышымды көгендеп.
Рухым қайта оянды,
Қаулаған көктей тебендеп.

Сауығайын дертімнен,
Жүрекке атқан шемен боп.
Көтерейін еңсемді,
Жасып жүрген төмендеп,
Шарықтап енді шабытым,
Құйылсын көктен өлең боп.
Өз тілімде сөйлесем,
Дəстүрім қалай көнермек.
Дінім, ділім тоғысса,
Тіремей ме төбем көк.
Оятайын иманмен,
Кеудемді қалған керең боп.
Лайық құл боп Аллаға,
Бірлігіңе сенем деп.
Пайғамбарымды таниын,
Мүбəрəк жүзін көрем деп.
Тамшы болып тамсам да,
Бойымда барды берем деп.
Келіп тұрмын туған ел,
Маңдай терді төгем деп.
Өлсем егер денемді --
Қойныңа сенің көмем деп.


 "Бар мен Жоқ"

Үйлену бар, махаббат жок,
Үйрену бар, игеру жоқ,
Төсек бар, ұйқы жоқ,
Өмір бар, күлкі жоқ,
Ақша бар, денсаулық жоқ,
Бала бар, тәрбие жоқ,
Арман бар, дәрмен жоқ,
Дәрмен бар, арман жоқ,
Аға бар, жаға жоқ,
Іні бар, сана жоқ,
Қыз бар, қылық жоқ,
Әке бар, пейіл жоқ,
Шеше бар, мейір жоқ,
Ағайын бар, ат жоқ,
Абысын бар, ас жоқ,
Ауру бар, ем жоқ,
Бас бар, ми жоқ,
Үй бар, күй жоқ,
Аман бар, салам жоқ,
Хабар бар, хат жоқ,
Қамыс бар, су жоқ,
Көл бар, қу жоқ,
Сөз бар , сенім жоқ,
Көз бар, көңіл жоқ,
Бесік бар , жыры жоқ,
Пышақ бар, қыны жоқ,
Туыс бар, жүріс жоқ,
Жұмыс бар, кіріс жоқ,
Жүрек бар, тілек жоқ,
Білек бар, күш жоқ,
Тірлік бар, бірлік жоқ,
Білім бар, білік жоқ,
Гүл бар, иіс жоқ,
Ас бар, қуат жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста