Жастарды жұмыспен қамтуды дұрыс жолға қою қажет

Жастарды жұмыспен қамтуды дұрыс жолға қою қажет

Жастарды жұмыспен қамту тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қоғамның бас ауруына айналған мәселенің бір. Бүкіл елді жұмыссыздық жайлаған 90-жылдарды айтпағанда, ел етек-жеңін жиған 2000-жылдардан кейін де бұл мәселе шешімін таппай келеді.

 

Бір қызығы, жұмыссыз жүргендер тек оқымаған, мамандығы жоқ жастар ғана емес, олардың арасында қос-қос дипломы барлар да аз болмай тұр. Оның басты себебі, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде ақылы негізде оқытатын жоғарғы оқу орындары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кетті. Білімнен гөрі ақшаға басымдық берілді. Яғни, ақшасын төлегендер еш кедергісіз диплом алып кете барды. Нарық сұранысы ескерілмеді. Салдарынан еңбек нарығында қолында дипломы бар жұмыссыз жастар қатары күрт өсті.

 

Әрине, үкімет те қол қусырып қарап отырған жоқ. Аталмыш мәселені шешу мақсатында түрлі бағдарламалар қабылдады. Сонымен бірге кейінгі жылдары елімізде талапқа сай болмаған ондаған жоғары оқу орындары жабылды. Аттестациядан өте алмағандары лицензиясынан айырылды.

 

Алайды мұнымен мәселе шешіле қойған жоқ. Өйткені жұмыс іздеген жастардың алдынан тағы бір мәселе шықты. Ол – еңбек өтілі. Яғни жұмыс берушілердін басты талабының бір – еңбек өтілінің болуы. Бұл, әрине, жаңадан оқу бітірген маманды тығырыққа тіреді. Салдарынан оқу бітірген жас маманның бірі базар жағаласа, екіншісі жеке таксиші боды, ал үшіншісі бос сандалып қалды.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселесіне үнемі көңіл бөліп келеді. 2019 жылдың 17 мамырында еңбек және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жұмыссыздық мәселесіне айырықша тоқталды. Ол:

– Жоғары оқу орындарды бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы 50 пайыздан сәл ғана асады. Біздегі «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Жастар – Ел тірегі», «Жастар практикасы» сияқты бағдарламалардың тиімділігін арттыру керек. Олардың қайсы нақты жұмыс істейді, қаншасы жүзеге аспай жатыр? Осыларды қайта қарау қажет. Бұл мәселені ұдайы назарда ұстау керек, – деп атап өтті.

 

Расымен де, біздің елде жастарды қолдауға арналған бағдарлама аз емес, тек бағдарламаның жүзеге асуы көңіл көншітпейді. Өйткені бағдарламаға жауапты шенділердің ынта-жігері жоқ. Бірі салғырттыққа жол берсе, енді бірі сыбайластыққа жол беріп, бағдарламаға бөлінген қаржы құмға сінген судай ізім-ғайым жоқ болып кетеді. Ал өңірлердегі жұмыспен қамту орталықтарының статистикалық мәліметтеріне қарар болсаңыз кейінгі жылдары жұмысқа тұрған адамдардың саны Қазақстан халқының санына жетерліктей.

 

Жастарды қолдауға арналған бағдарламалардың баянсыз болып жатқанынан мемлекет басшысы да хабардар болса керек. Өйткені, жұмыссыздық жайы сөз болған жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастарды жұмыспен қамту жастар саясатындағы басты мәселенің бірі болып отыр. Әсіресе, бұл өңірлерде өте өзекті. Жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беріп жатқан ешкім жоқ. Тіпті олардың басым көпшілігі жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы барын да білмейді. Өңірдегі жастар мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар қарастырылғанынан да бейхабар. Бұл мәселе тек жалаң үгіт-насихатпен, жалған статистикамен шешілмейді» - деп Үкімет пен облыс әкімдерінің жұмысын сынға алған болатын. Сонымен қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде дарынды жастардың көптігін, ел дамуының ертеңіне орасан үлес қосатын да – сол дарынды ұл-қыздар екенін, тек оларға жағдай жасап, мүмкіндік беру қажеттігін тілге тиек етті.

 

Бүгінгі таңда «2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде түлектерді жұмыспен қамту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды. Соның бірі - жастар практикасы. Жастар практикасының мақсаты - түлектерге алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу. Бұл шараны жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастырады. Ал жастар практикасының мерзімі - 12 айға дейін. Яғни жас маман тәжірибе жинақтаумен бірге бір жылдық еңбек өтіліне ие болады.

 

Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шараның тағы бір - «Алғашқы жұмыс орны» жобасы. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс беруші келісім шарт жасайды. Келісім бойынша жұмыс беруші түлекті кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, ал жұмыспен қамту орталығы бір жылға жалақыны субсидиялайды.

 

Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған үшінші шара - «Ұрпақтар келісімі» жобасы. Бұл жоба негізінде зейнет жасындағы қызметкердің орнына жас түлек ауыстырады. Аталмыш жоба бойынша жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге тұрақты жұмысқа алады, ал жұмыспен қамту орталығы 6 ай жалақыны субсидиялайды.

 

2022 жылғы 14 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалып жатқанын, алайда, қолға алынған нақты шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселесі толық шешілмей келе жатқанын, осыған орай жастарды жұмыспен қамти алмаған өңір әкімдерінің жұмысын жыл соңында майшаммен қарайтынын ескертті.

 

Мемлекет басшысының өңір әкімдеріне қатаң ескерту жасауы жайдан-жай емес. Өйткені біздің елдегі ақ жағалылар арасында уәдеге тойғызып, тақырға отырғызып кету қалыпты жағдайға айналғалы қашан.

 

 

 

Қ. Кумекбаев

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста