Халықтың әл-ауқатын арттыруға баса көңіл бөлінуде

Еліміз халықтың әл ауқатын арттыруды ұдайы мемлекеттің басты бағыттарының бірі ретінде ұстанып келеді. Әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау білдіре отырып, халықтың өз кәсібін дөңгелете отырып, әл ауқатын арттыруына барынша жағдай жасауда. Осы орайда былтыр Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасын әзірлеген болатын. Аталмыш ұлттық жобаның екінші бағыты жоғары өнімді жұмыс орындарын құру арқылы халықтың табысының өсуіне арналған.
Бүгінде экономист сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болып отырған жобадан халықтың күтер үміті көп болып отыр. Өйткені жобаның атауының өзінің көтерер жүгі ауыр. Ендеше халықтың өмір сүру сапасын жақсартады, жұмыссыздықты азайтады, елдің әл ауқатын арттырады деп күтіліп отырған ұлттық жоба сол үдеден шыға білсе игі.
 Атап өтер жайт, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасын жүзеге асыру нәтижесінде 2025 жылға дейін 102 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылып, еңбек өнімділігі 20 пайызға өседі деп күтілуде. Бұл шын мәнінде үлкен қуаныш. Егер ұлттық жоба діттеген межесіне жете білсе жұмыспен қамти отырып, талай жанның әл ауқатының деңгейі артуына ықпал етер еді. Сондай ақ еліміздегі өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі 1,5 есе ұлғаяды, ал шикізаттық емес экспортты 41 млрд доллар­ға дейін көтеру көзделуде. Демек сырттан келетін өнім көлемін азайта отырып, Отандық өнім көлемін арттырудың маңызы зор болмақ!

Жалпы мемлекет басшысының халықтың әл ауқатын арттыру турлаы тапсырмасынан соң елімізде бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізіле бастады. Мәселен бүгінгі күні «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Кәсіпкерлікті дамыту», сондай-ақ «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобалар арқылы елімізде 450 мың тұрақты жұмыс орнын ашылды деген болжам жасалып отыр. Шын мәнінде халықты тұрақты жұмыспен қамтудың өзі халықтың әл ауқатының артуына айтарлықтай ықпал ететіні анық. Сондықтан бұл бағытта елімізде жасалып жатқан жұмыстар көңіл қуантып отыр.

Мәселен жақында ғана еліміздің бас қаласында 350-ден аса отандық өндірушінің басын қосқан көрме өтті. Осы көрмеге арнайы қатысқан Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың «бүгінде кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді шаралары жүзеге асырылып жатқанын» мақтанышпен айтып, «Мәселен, соңғы 5 жылда шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімінің үлесі 27-ден 33 пайызға дейін өсті», - деп сөзіне нақты дәлел де келтіре кетті. Демек салада ілгерілеу бар. Осы орайда атап өте кетсек, мемлекет басшысының шағын және микробизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялауы да сала жұмысын алға сүйреді деп айта аламыз. Кәсіп иелерін жөнсіз мазалаудың азаюы бизнес жүргізуге үлкен жеңілдік болғанын кәсіп иелері де жасырмай айтады. Демек кәсіпкерлік саласы үздіксіз қолдаудың нәтижесінде айтарлықтай дамып келеді.

         Елордада өткен көрмеде еріксіз назарымызды аударған ағаштан түйін түйген шеберлердің бұйымдары болды. Кәсіп иесімен тілдесу нәтижесінде бұл өнімерге сұраныстың да жоғары екенін байқадық. Сейдахметовтер отбасы кәсіппен айналысуды бес жыл бұрын қолға алған екен.Бүгінге дейін ағаштан 8 мыңға жуық бұйым жасап үлгерген шеберлерге тапсырыстар еліміздің барлық өңірінен түседі екен. Өйткені ұлттық нақышта оюмен көмкеріліп жасалған, көздің жауын алатын, шетелдік қонақтарға ұялмай сыйлауға тұрарлық кәдесыйлар мен түрлі қобдишалар ерекшелігімен көз тартады. О баста аталары жихаз жасаумен айналысқан шеберлер, қолдарының ебі бар ісі жүзеге асыру үшін ғаламтор арқылы жаттыққан дегенге кім сенеді?! Бірақ ақиқаты сол! Ағашты түрлі пішінге келтіретін станокты меңгеріп алған соң, әрі қарай ғаламтор арқылы үйреніп, ағаштан түрлі бұйымдар жасай бастаған. Шеберлердің әңгімесінен түсінгеніміз бүгінде көптеген компаниялар тарапынан түрлі мерекелерде ұжымдық сыйлықтарға тапсырыс беруі жиілеген көрінеді. Қазіргі таңда жеке цех ашып, түрлі тапсырыстар орындай бастаған шеберлер отбасы еліміздегі кәсіпкерлікті қолдау бағытында жасалып жатқан шараларға дән риза!  Алдағы уақытта өндіріс қуатын арттыруға тырысып, қарқынды жұмыс істеуде. Өйткені Сейдахметовтердің өніміне сұраныс жоғары болып отыр!  

 Айдын Барыс

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста