Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлікті дамыту

2021 жылдың қазан айында ел президентл президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар жобалар кешені әзірленді. Оған қоса, өткен жылы жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталды. Осыған орай, Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру қолға алынды.

 

Аталмыш жобаның басты мақсаты – орта және шағын бизнесті дамыта отырып, экономиканың локомативіне айналдыру, кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай жасау, кәсіпкерлік саласында сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту болып табылады.

 

Әрине, кез келген жобаны жүзеге асыру үшін қаржылық қодау қажет екені белгілі. Осы орайда Президент «ұлттық жобалар барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етіліп, бюджеттен қаржыландыру кезінде сөзсіз басымдыққа ие болуы тиіс» деп қадап айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Үкімет Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы» Даму «Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры» АҚ-ны Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның қаржы операторы етіп бекітті. Қаржы операторы шағын бизнеске кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, лизингтік компаниялар берген қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және облигациялар бойынша кепілдік беру арқылы қолдау көрсететін болады.

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, ұлттық жоба шеңберінде бірқатар іс-шараны іске асыру жоспарланған. Сол мақсатқа 2022 жылға республикалық бюджеттен 33,2 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 8,5 млрд теңге қарастырылған.

 

Мамандардың пікірінше, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында бірқатар кемшіліктерге жол берілген. Соларды ескере отырып, Ұлттық жобаға әрбір нысаналы топтың қажеттіліктерін саралай отырып, өзгерістер енгізілді. Ұлттық жоба негізгі 10 міндетті көздейді. Соның 3-еуі халықты жұмыспен қамтуға бағытталған. Яғни, азаматтардың өз ісін ашуына қодау көрсету және олардың кәсіптерін дамытуына жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу. Ұлттық жобалар аясында 2021-2025 жылдар аралығында жалпы 2,5 млн жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде 803,7 мың тұрақты жұмыс орны, 1 727,9 мың уақытша жұмыс орны құрылатын болады.

 

Сонымен қоса Ұлттық жобада жастарды жұмыспен қамту мәселесі де қарастырылған. Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында ғана диплом алған жас мамандарды немесе дипломы жоқ жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары қолға алынып отыр. Жоба аясында 140 мың жас маманды жұмыспен қамту көзделген. Сонымен қоса, Ұлттық жоба шеңберінде зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылатын болады. Бұл жоба бойынша 20 мың адамға қолдау көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру қарастырылған. Бұл жоба арқылы 60 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туындамақ. Ал, жұмысынан айырылған азаматтарға «Қоғамдық жұмыстар» жобасы көмек қолын созатын болады. Сол арқылы 415 мыңға жуық адам уақытша жұмысқа тарту көзделген. Ал, бұл жобаларға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе Электронды еңбек биржасына жұмыссыз ретінде тіркелу қажет.

 

Әрине адамның бәрі өз бетімен кәсіп ашып, оны дөңгелетіп алып кете бермейді. Сондықтан өз ісін ашам деген азаматтар «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлікке оқи алады. Сол үшін аудандардың мастер-жоспарлары жасалған. 2022-2024 жылдары осындай 163 мастер-жоспар әзірленеді деп жоспарланып отыр.

 

Сондай-ақ өз ісін ашқан жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға бизнес-идеяларды іске асыру үшін микрокредиттер мен гранттар беріледі. Сонымен қоса, жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелеріне және қандастарға жеке кәсіпті ашу мақсатында грант беру жүзеге асатын болады. Жалпы, жоба аясында 30 мың адам, оның ішінде 6 мың жас азамат кәсіпкерлік негіздерін меңгеру үшін білімін жетілдіретін болады. Оқуды аяқтап, бизнес-жоспарын қорғаған әрбір азамат жеңілдетілген микрокредиттер мен мемлекеттік гранттар алу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

 

2022 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 185 мың адам қатысқан. Жоба шеңберінде 167,1 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 91,2 мың адам тұрақты жұмысқа  орналасты. Жұмыс берушілердің өтініші бойынша 3,4 мың адам оқыту ұйымдарына оқу үшін жіберілді. 1,5 мың адам өз ісін ашу үшін мемлекеттік грант иеленді.

 

Ұлттық жобалар – мемлекеттік саясатты баяндаудың ықшам нысаны. Ол ұлттық сипатқа ие және ол халыққа да, мемлекетке де пайда әкеледі.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста