Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

Социалистік жүйеден, нарықтық экономикаға көшкен тұста шаруашылық субъектілерінің жұмыс істеу белсенділігін арттыру, экономикалық бәсекелестікті жандандыру мақсатында жекешелендіру процесі басталды. Мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары, өнеркәсіп орындары, зауыттар мен фабрикалар, отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында жекешелендіру жүрді. Жекешелендіру процесі заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылды.

 

1997 жылдың 16 сәуірінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң қабылданды. Аталмыш заңға сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерді, тұрғын бөлмелерді азаматтардың жеке меншікке сатып алу процесі, яғни баспаналарды жекешелендіру басталды. Алайда, тұрғындар тұрғын үйлермен қоса оларға қатысты проблемаларды да «жекешелендіріп» алды.  Өйткені, ол кезде мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспаналардың басым бөлігі тозығы жеткен үйлер болатын. Тіпті өткен ғасырдың 50 жылдары тұрғызылған үйлердің де үлесі аз болған жоқ. Тиісінше, ондай үйлердің коммуникация торабтарының да тозығы жеткені түсінікті. Салдарынан шатырынан су ағу, құбыр жарылу деген секілді проблемалар екі үйдің бірінде кездесіп тұрды.

 

Әрине бұл проблеманы тұрғындардың өздері шеше алмасы анық еді. Өйткені ол тұста халықтың қаржылық жағдайы мәз болмады. Коммуналдық төлемдерді дер кезінде төлей алмай, жарықтан, жылудан ажыратылған үйлердің қатары артты. Бұл мәселе жыл өткен сайын қордалана түсті. Сондықтан бұл мәселеге мемлекетің араласуына тура келді. Өйткені 2000 жылдардың басындағы мәлімет бойынша, тұрғын үй коммуникацияларының 70 пайыздан астамы жөндеуді немесе толықтай жаңартуды қажет ететіні белгілі болды. Осыған орай Үкімет 2011 жылдың 30 сәуірінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі салалық бағдарламасын бекітті.

 

Бағдарлама аясында пәтер иелерімен жөндеу жұмыстарының сметалық жобасын белгілеу, көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер компаниялармен сметалық жобалау жұмыстарын жүргізу бойынша өзара келісім-шарттар жасасу, қаржы жинақтау есеп шоттарын ашу бойынша жан-жақты келісім жасалынды.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын модернизациялаудың кешенді жоспары бойынша, қысы қатты шығыс өңірінде терможаңғырту жұмыстары қолға алынды. Терможаңғырту тәсілі жылу энергиясын 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік берді. Сол арқылы тұрғындардың коммуналдық төлемі төмендеді. Сонымен бірге, кондоминимум нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізудің тетіктері реттелді. Оған қоса, бағдарлама аясында газ желілері, электр жүйелері, су құбырлары жаңартылды. Электр есептегіш құралдары жаңартылып, газ, су есептегіш қондырғылар орнатылды. Бұл өз кезегінде электр энергиясын, көгілдір отын мен суды үнемдеп қана қоймай, тұрғындардың газ, су үшін төлейтін төлемін азайтуға мүмкіндік берді. Бұған дейін тұрғындар тұтынған газ, су үшін ақыны адам басына төлеп келді. Ал есептегіш құралдар орнатылған соң тұрғындардың газ, су үшін ай сайынғы төлем ақысы 3-4 есеге азайған. Сонымен бірге, соңғы жылдары көпқабатты үйлерге жылу есептегіш құрал орнатыла бастады. Десе де, бұл жұмыс әлі толықтай аяқталған жоқ. Аталмыш қондырғыны пайдаланып отырған тұрғындардың айтуына қарағанда есептегіш қондырғы жылуға төленетін төлемақыны екі есеге кемітетін көрінеді.

 

Бір сөзбен айтқанда, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың салалық бағдарламасы өз тиімділігін көрсетті. Сондықтан Үкімет Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Аталмыш бағдарламаның басты мақсаты - тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту. Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру. Тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту  және дамыту, тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және реновациялау.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мәселесі әркез мемлекет басшысының назарында. Осы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңесте тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Президент тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және цифрландыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы өзінің  «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты  Қазақстан халқына Жолдауында «Әрбір азамат үшін баспана – басты мәселе. Бұған дейін қабылданған «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Ал, нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және ол елдің бәріне бірдей қолжетімді емес, сондықтан бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады» - деп атап өтті.

 

Қорыта келгенде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мемлекет үшін де, тұрғындар үшін де өз тиімділігін көрсетті.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста