Төтенше жағдай кезінде тәртіп сақтау аса маңызды

Жеке бас қауіпсіздігі үшін төтенше жағдай режимін мұқият сақтаудың маңызы зор. Әсіресе әлемді жайлаған пендемиялық жағдайда, мемлекет тарапынан енгізілген төтенше жағдай режиміне бағыну халықтың бас амандығының кепілі. Алайда Төтеншелік мамандар мен құзырлы орындардың қадағалауына, жан жақты түсіндіру жұмыстарының көбейгеніне қарамастан төтенше жағдай режимін бұзу оқиғалары азаймай тұр.

Тіпті елімізде індет басталғалы бері халықтың жауапкершілігін күшейту мақсатында төтенше жағдай режимін бұзғандарға жаза да еселеп күшейтілу үстінде. Бірақ бәрібір халықтың төтенше жағдай режиміне бейімделіп, тәртіп бұзбай ереже сақтауға тырысуы байқалмайды.
Мәселен қазіргі уақытта Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Егер Сенат осы заңды қабылдайтын болса, онда бір жыл ішінде төтенше жағдай режимін қайталап бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері екі есе өседі. Яғни 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін, таратып айтар болсақ 55,56 мың теңгеге дейін көбейеді. Сондай-ақ қамауға алудың ең ұзақ мерзімі де екі есе ұлғайтылады, яғни енді қамауға алу мерзімі 15 тәулік емес 30 тәулікті құрайды. Түсіндіре кетейін мамандар бұл өзгерістер арқылы енді төтенше жағдай режимі қайталап бұзылған жағдайда ескерту жасалмайды, бірден айыппұл салынады немесе қамауға алынады деп түсініктеме беруде. Яғни төтенше жағдайды бұзғанда салынатын айыппұлды көбейту арқылы халықтың жауапкершілігін күшейту көзделуде.
Айта кетер жайт, мұндай өзгерістердің алдағы уақытта да маңыздылығы арта бермек. Өйткені қазіргі таңда бүкіл әлем коронавируспен бірге өмір сүруге бейімделу қажет екенін айтуда. Осы орайда төтенше жағдай режимін сақтау, оны бұзғандарға жазаны күшейту секілді шаралардың алдағы уақытта да өзекті бола түсетіне айтпаса да түсінікті. Қазірдің өзінде төтенше жағдай режимін сақтамай, қайталап бұзушылардың көптігі құзырлы орындарды алаңдатып отыр. Мәселен осы жылы 12 мыңнан астам азамат ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондықтан санкцияларды күшейту бірінші кезекте бұрын жауапкершілікке тартылған азаматтарға қатысты болып отыр. Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда ескерту сияқты шараларды қолдану мүмкін еместігін ескерер болсақ, енді жаппай айыппұл салу шаралары қолданылады. Қалтаңызға түсетін салмақты ойламасаңыз төтенше жағдай режимін бұзуыңызға болады деген ой халықты қаншалықты тәртіпті қылатынын уақыт көрсетеді.
Бүгін мемлекет басшысы да карантинге қарамастан той өткізіп, құран оқытып, садақа жасаушылардың азаймай тұрғанын атап өтті. Еске салар болсақ марқұм болғандардың жетісі, қырқы секілді жөн-жоралғыларды кейінге қалдыра тұру керектігін еліміздің ҚМДБ арнайы ескертсе, тойларға төтенше жағдай басталған наурыз айында-ақ толықтай тыйым салынған болатын. Әсіресе Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Шымкент қаласында той жасаушылар азаймай тұрғаны алаңдатып отыр. Сондықтан елдегі төтенше жағдай кезінде режимді бұзғаны немесе шектеу шараларының талаптарын орындамағаны үшін жауаптылықты күшейту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Президенттің жаңа қаулысы бойынша, мейрамхана қожайындарына салтанатты шаралар өткізбеу туралы да ескерту жасалған. Бұл ескертуге құлақ аспай, іс-шара өткізгендер ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің Төтенше жағдай режимін бұзу 476-бабы бойынша, мекеме қожайындары 10-15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 10 күнге дейін мерзімге қамалатыны айтылды. Алайда той қонақтарын мейрамхананың артқы есігінен кіргізіп, алдыңғы есік жауып алып той жасаушылар да, тығылып індеттен көз жұмған жақынының садақасын берушілер де жетерлік. Сондықтан осындай жиыннан келіп ауырып, аз уақыт ішінде о дүниелік болғандар, әсіресе медициналық жағдайы сын көтермейтін шалғай ауылдарда көбейіп тұр. Сондықтан бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткеніндей «төтенше жағдай режимін қатаң сақтауды ел арасында насихаттауда жергілікті басқару орындарының жұмысының төмен болып отырғаны аңғарылады».
Мырзабек Бекберді, заңгер:
- Дәл қазір төтенше жағдай режиміне бағынып, сақтық шараларын сақтаудың маңызы зор. Өкінішке қарай жағдайды ескермей топтасып тауға шығып, көп адамның басын қосып жиын жасаушылар азаймай тұр. Осының салдарынан ел ішінде індет жұқтырушылардың қатары азаймай тұр. Бүгін ресми түрде індетті жұқтырғандар шамамен 2 миллионға жуықтайтыны айтылды. Бұл өте сұмдық жағдай. Төтенше жағдайға бағынбаудың салдарынан осындай өкінішке ұрынып отырмыз. Шектеулерге қарамастан барлық өңірде тойлар мен жиындар, салтанатты шаралар өтіп жатыр. Қазір той тойлап, қыдыратын кез емес. Сондықтан көпшілік орындарға барудан бас тартып, көшеге тек маскамен шығып адамдардан 2 метрге дейін қашық жүруге, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға және жеке бас гигиенасын сақтауға тырысу керек. Онсыз індеттен құтыла алмаймыз.

Қуаныш Ермекова

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста