Қызылордада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі арта түскен

Қызылорда күллі қазақ «Сыр – Алаштың анасы», «Сыр елі – жыр елі» деп әспеттеген киелі мекен, тарихтың талай шежіресін бауырына бүккен өңір. Сұлу Сырдың жағасындағы облыс орталығы, әсем қала Қызылорда шаһары екі ғасырды еңсерген тарихи қалаға айналды. 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында салынған қорған Ақмешіт деп аталады. Одан кейін 1853 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский әскерімен қамалды басып алып, қоқандықтар қаланы тастай қашты. Сол кезеңде қала Перовск деп аталып, 1867 жылдан бастап Сырдария уезінің орталығы болды. Қалада депо, вокзал үйлері, теміржолдар салынып, мәдени орындар бой көтерді. Ал 1922-1925 жылдары Кеңес үкіметі орнап қала Ақмешіт деген атауын қайтадан иемденді. 1925 жылы қалаға «Қызылорда» деген атау беріліп 1929 жылға дейін қазақтың астанасы болды. Міне биыл тәуелсіз елдің арда қаласы Қызылорданың құрылғанына 200 жыл толып отыр. Мерейлі мекеннің мерейтойы аясында қаланың сол жағалауындағы жаңа нысан – «Рухани жаңғыру» орталығы мен қалалық мұражай ғимаратының ашылу салтанаты болды. Бұл нысан 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын қайтарып беру туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының сызба-нұсқасы негізінде салынды. Өңірге арнайы келген ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова осы салтанатты жиынға қатысып Елбасымыздың салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтауын оқып берді. Сонымен қатар іс-шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және бірқатар қоғам қайраткерлері қатысып сөз сөйледі.
Қызылорда қаласы да еліміздегі басқа қалалар сияқты 200 жылдық мерейтойына өркендеп, даму үстінде жетті. Өйткені елімізде 2020 жылға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасының аясында көптеген шаруалар атқарылып жатыр. Атап айтсақ, 2017 жылы Сырдарияның сол жағалауында жаңа қаланың құрылысы басталған еді. Бүгінгі таңда жеке инвестициялардың қаржысы есебінен 18 көпқабатты тұрғын үйдің, «Болашақ» университеті кампусының және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 320 орындық балабақшаның, мемлекет қаржысы есебінен Жастарға қызмет көрсету орталығы мен қажетті инфрақұрылымдардың құрылысы салынып жатыр. Жақында «Salem Village» сауда маркеті ашылды.
Сонымен қатар, Қызылорда облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекееваның мәлімдеуіне қарағанда, облыста жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 134 млрд теңгені құрапты, яғни 11,6 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың біршама үлесі кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (45,6 пайыз), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (14,2 пайыз), көлік және коймалау (6,7 пайыз) салаларына тиесілі екен.
- Өндіру өнеркәсібінде инвестициялар 14930 млн теңгені құрады бұл өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанды 3 есеге көбейген. Үстіміздегі жылдың 8 айында жасалған құрылыс жұмыстарының көлемі 39 млрд теңге жетіп отыр. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларына қарағанда 11,8 пайызға артқан. 2499 жаңа ғимараттар салынды, олардың 2425 тұрғын үйге және 74 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар. 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы бөлшек сауда айналымы 175,7 млрд. теңге немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 101,0 пайызды құрады. Көтерме сауда 99,6 млрд. теңгені құрады немесе 104,0 пайызды құрап отыр, - деп мәлімдеді департамент басшысы.
Сонымен қатар, алдын ала деректер бойынша 2018 жылдың қаңтар-шілдесіне Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 42,2 млн. АҚШ долларын құрады, немесе 2017 жылғы қаңтар-шілдесіне қарағанда 10,3%-ға көп. Экспорт құрылымының басым бөлігін, ас тұзы мен басқа техникалық тұздар 58 пайыз, күріш 29,4 пайыз, табиғи құм 7,5 пайыз, балық 3,6 пайыз және мұнай өнiмдерi 1,2% құрап отыр. Жыл басынан ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар, құрал-жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (41,1%) әкелінді.
2019-2020 жылдары сол жағалауда бірнеше көпқабатты үйлер, мектептер, облыстық көпсалалы аурухана, неке қию сарайы, балабақша, физика-математикалық мектеп жатақханасымен бірге, сауда-ойын сауық кешенін салу жоспарда бар. Осы деректерге қарап отырып өңірдің өсіп, даму қарқыны қаншалықты екеніне көз жеткізуге болады. Бұл мелекеттік бағдарламалардың арқасында атқарылыған істердің бірқатары ғана.

Нұрлы Еділов

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста