Құтқарушылар суға шомылу маусымы басталғалы бері 71 адамды құтқарды

Құтқарушылар суға шомылу маусымы басталғалы бері 71 адамды құтқарды

Жыл сайын суға түсу маусымы басталған уақыттан бастап еліміздің құтқарушылары өте тығыз режимде жұмыс істейді. Өйткені жаздың ыстық күндері суға түсіп, демаламын деп барып, ажал құшатындар өте көп. Демалушылардың жүзу білмейтініне қоса, кейде аса қауіпті, рұқсат етілмеген өзен көлдерді жағалайтындар, қауіпсіздік ережесін сақтамайтындарға қатысты төтенше жағдай жиі тіркеледі. Әсіресе биыл елімізде жайлаған пандемиялық жағдайға орай негізінен Қапшағай, Бурабай, Алакөл секілді жылда демалушыларға жағдай жасайтын демалыс орындарында суға шомылуға уақытша тыйым салынды. Қауіпсіздік ережесі сақталған мұндай демалыс аймақтарында тыйым салынғандықтан халық жабайы жағалауларға, рұқсат етілмеген жерлерге ағылды. Нәтижесінде құтқарушылардың жұмыс жүктемесі артты.
Негізі карантиндік жағдайға қарамастан судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс ТЖК-ның ерекше бақылауында. Еліміздің барлық аумағында дерлік ауа райының ыстық болуына байланысты, шілденің шіліңгір ыстығында су айдындарында оқыс жағдайлардың жиі орын алуы Төтенше жағдайлар қызметі мамандарын алаңдатып тұр.
Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ТЖК алдын алу жұмыстарын жүргізіп, күн сайын азаматтық қорғау органдары мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер және патрульдеу шараларын жүзеге асыруда. Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің су айдындарында 93 адам, оның ішінде 20 бала құтқарылды. Ал суға шомылу маусымы басталған1 маусымнан бастап 71 адам, оның ішінде 12 бала құтқарылған. Таратып айтар болсақ, Ақмола құтқарушылары бір күнде облыстың көлдерінде сегіз адамды құтқарса, Зеренді, Бурабай аудандары мен Көкшетау қаласының көлдерінде сегіз адам құтқарылған. Мәселен, Көкшетау қаласында 2002 жылы туған жігіт автокөлік камерасымен жағадан алыс жүзіп кетіп, өз бетінше қайтып келе алмай қалған. Бурабай ауданында төрт адам қайықпен «Бурабай» көлінің ортасында жүзіп жүргенде, қайық тесіліп, оған су тола бастаған. Абырой болғанда, құтқарушылар демалушыларды дер кезінде құтқарып үлгерді. Щучье көлінде де құтқарушылар жағадан алыс жүзіп кеткен екі қызды құтқарды. Ал, Зерендіде қыз баланы матрасымен бірге жел айдап әкеткен. Айта кетер жайт, құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Дегенмен, өмірлеріне қауіп төнгенін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады.
Жабайы жағалауларда, құтқару қызметі қалыптаспаған аймақтарда қайғылы оқиғалар кездесіп те жатыр. 19 шілдеде Ақмола облысында Жалтыркөл ауылынан 5 шақырым жерде Есіл өзенінде құтқарушылар 2005 және 2008 жылдары туған балалардың мәйіттерін тауып, судан алып шықты. Олар суға шомылу үшін жабдықталмаған орында шомылып жатқан кезде батып кеткен. Туыстарымен демалыста болған. Қостанай облысында Қайыңды кентінен 7 шақырым жерде Торғай өзенінде суға шомылу үшін жабдықталмаған орында 1960 және 1970 жылдары туған ер адамдар суға батып көз жұмды. Ер адамдардың мәйіттерін оқиға куәгерлері алып шыққан. Жалпы суға шомылу маусымы басталғаннан бері 144 адам, оның ішінде 43 бала суға батып, көз жұмды. Адамдардың суда қаза болуының негізгі себептері өз күшін бағаламау, мас күйінде суға шомылу, суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде суға бату, балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыру болып табылады. Өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы  Ертіс өзенінде құтқарушылар 1991 туған ер адамды судан құтқарды. Сондай-ақ Алтай ауданының Бұқтырма су қоймасында да құтқарушылар «Бипек Авто» АҚ Өрт сөндіру катерін тарта отырып «Голубой залив» демалыс базасына екі үрмелі қайықпен сырғанап, желдің салдарынан өз бетімен жағалауға қайтып келе алмаған 10 адамды, оның ішінде 4 баланы аман алып қалды. Айта кетер жайт, адамдар өз күштерін жете бағаламай, өзінің бейқамдылығына байланысты суға шомылуға арналған жабдықталған орындарда суға батады. Әрбір адам суға шомылатын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуі тиіс, өйткені жабдықталмаған жерлерде үйінділер, суға батырылған бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін. Жақын келе жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға қарсы жүзу өте қауіпті, себебі жүзу құралдарының түбіне жақын жүзіп бара жатқан адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін. Жазғы демалыс кезінде балалардың да қауіпсіздігі маңызды. Су айдындарына, арықтар мен каналдарға жақын тұратын ата-аналардың жауапкершілігі жоғары болуы керек. Статистиканы сөйлетер болсақ, шомылу кезеңінің басынан бастап яғни, ағымдағы жылдың 1 маусымынан 26 шілдесіне дейін өз күштерін бағаламау себептері бойынша, суға шомылу кезінде алкогольдік мас күйінде, суға батушыны құтқару және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру кезінде 159 адам, оның ішінде 47 бала суға кетіп, көз жұмды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ былтырғы жылы осы уақытта 204 суға кету оқиғасы орын алса, 70 бала суға кетіп көз жұмған.
Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖК Полиция департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуде. Айта кетер жайт, бүгінгі күні елімізде суға шомылуға және су маңында демалуға арналған 592 ресми орын анықталды, оның ішінде 111 коммуналдық және 481 жеке жағажай бар. Ал суға шомылуға тыйым салынған 2 мыңнан астам орын анықталды, ол орындарда 5 мыңнан астам ескерту белгісі және 1 мыңға жуық көрнекі стенд орнатылған, онда адамдардың қаза болуының себептері мен жағдайлары көрсетілген. Адамдардың су айдындарында қаза болуына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту үшін күн сайын су айдындар мен апатты жағажайлардағы адамдар жаппай демалатын орындарда рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Жүзу құралдарымен жиі-жиі патрульдеу жүргізіледі.
Айдын Алмабек, Алматы қаласы Төтенше жағдай қызметі маманы:
- Ағымдағы жылғы 1 мамырдан бастап 16 мыңнан астам рейд және патрульдеу жүргізілді, «Қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу» ӘҚБК 440-бабы және «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» 364-бабы бойынша 3 000 астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
- балалар тек ересек адамдардың қарауымен суға шомылуы тиіс;
- тек суға шомылу үшін жабдықталған орындарда суға шомылуға болады, онда құтқарушылар кезекшілік етеді;
- бейтаныс орындарда сүңгуге болмайды;
- осы мақсаттарға бейімделмеген биіктіктерден секіруге болмайды;
- суға шомылған кезде өз күштеріңізді дұрыс бағалаңыздар;
- спирттік ішімдіктер ішуге және мас күйінде суға шомылуға қатаң тыйым салынады.

Қуаныш Ермекова
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста