Құс шаруашылығы ауыл шаруашылығының құрамдас бөлігі

Құс шаруашылығы ауыл шаруашылығының құрамдас бөлігі

Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ішінде ең қарқынды дамып келе жатқан сала. Оның бір артықшылығы - өнім қысқа мерзімде өндіріледі, соның нәтижесінде нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстап отыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ел аумағында 64 құс фабрикасы жұмыс істесе, оның ішінде 35-і жұмыртқа өндіріде, ал 29 фабрика құс етін өндірумен айналысады. 2021 жылы 4 млрд 820 млн дана тағамдық жұмыртқа, 283 мың тонна құс еті өндірілген.

 

Азақ-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсату, ауыл халқын жұмыспен қамтудың басты жолы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады. Ал Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Ал сөз еткелі отырған құс шаруашылығы ауыл шаруашылығының құрамдас бөлігі екені белгілі. Сондықтан ауыл шаруашылығының бір бөлігі болып табылатын құс шаруашылығына қолдау қажет.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді тапсырған болатын.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

 

– Үкіметке Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді тапсырдым. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі қолданыстағы мемлекеттік бағдарлама келесі жылы аяқталады. Жаңа ұлттық жобаның негізгі масаты: ауыл тұрғындарының табысын арттыру; ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз ету; өнімділікті екі жарым есеге көбейту; агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет өзге шаруашылықтармен қатар құс шаруашылығына да қолдау көрсетіп келеді. Осы жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды қосу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Оның алдында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев субсидияның бәрін алып тастап, жеңілдетілген несие беру туралы бастама көтерген болатын. Алайда, құс өсірушілер министрдің бұл бастамасына қарсы шықты. Өйткені, «мемлекеттен қолдау болмаса бірқатар фабрикалар құс басын азайтып, тіпті жабылып қалуы мүмкін» - дейді мамандар. Құс өсірушілердің жанайқайына құлақ асқан үкімет субсидия беретін болып, заңға өзгеріс енгізді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес бір дана жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия берілетін болды. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда құс саны 3,7 пайызға, яғни  47,1 млн басқа өскен. Ал жұмыртқа өндірісі 12,1 пайызға артып, 1559,5 млн данаға жеткен.

 

Статистикалық мәліметтерге көз салар болсақ, осы жылдың қаңтар-шілде айларында жаңа піскен немесе салқындатылған құс еті өндірісі 64,2 мың тоннаға жеткен, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3,5 пайызға артық. Ал мұздатылған құс еті өндірісі 75,9 мың тонна болған, бұл  өткен жылғыдан 0,1 пайызға көп. Осылайша, шаруалар ішкі нарықтағы сату мен экспортты 71,1 пайызға қамтамасыз еткен. Нәтижесінде өндіріс көлемі 4,2 пайызға артып, импорт көлемі 58,7 мың тоннаға дейін азайған.

 

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, соңғы үш жылда елімізде құс етінің импортына тәуелділік 51%-дан 35%-ға дейін төмендепті. Ал жұмыртқа өндірісі бойынша шаруалар ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етіп отырған көрінеді. Сала басшысының айтуынша, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында өндіріс көлемі жылдан жылға тұрақты түрде артып келеді. Министрдің мәліметінше, 2021 жылы құс шаруашылығына 40 млрд теңге инвестиция бағытталып, 7 құс фабрикасы іске қосылған. Ол құс фабрикалары 70 мың тонна құс етін өндіретін болады.

 

Десе де тауық еті мен тауық жұмыртқасының бағасы күн санап өсіп барады. Соңғы бір жылда тауық еті 27,9% қымбаттаған. Бүгінгі таңда дүкендер мен базарларда тауық етінің бағасы 1300 теңгеден асып кетті.

 

 

Жұмыртқа өндірісі

 

І сұрыпты жұмыртқа әлеуметтік маңызы бар тауар түріне жатады. Сондықтан Үкімет үнемі жұмыртқа бағасын бақылауда ұстап, күрт қымбаттап кетпеуін қадағалап отырады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны бақылауда ұстайды. Қыркүйек айындағы статистикалық мәләметке сенер болсақ, жұмыртқа бағасы соңғы бір жылда 7 пайызға қымбаттаған көрінеді. Алайда, шілде айында бірінші сұрыпты он дана жұмыртқаның орташа құны 370-380 теңге болса, дәл бүгінгі күні базарлар мен сауда орталықтарында 10 дана І сұрыпты жұмыртқа 475 – 525 теңге аралығында сатылып жатыр.

 

Сандарды сөйлетер болсақ, 2021 жылы елімізде жұмыртқа өндірісі 4 млрд данадан 3 миллиардқа дейін күрт азайған. Мамандардың пайымдауынша, оған әлемді шарлаған пандемия мен құс тұмауы себеп болған көрінеді. Салдарынан экспорттың есігі жабылып, жұмыртқа өндірісінің өрісі тарылған. Ұлттық статистика бюросының жыл басында келтірген мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда 370 млн тауық жұмыртқасы өндірілген. Ал 2021 жылды жұмыртқа өндірісінің көлемі 20 пайызға көп болған. Отандық жұмыртқа өндірушілер ассоциациясының есебінше, өткен жылдың соңғы екі айында жұмыртқа өндіруші кәсіпорындар 1,5 млрд теңге шығын көрген. 2022 жылғы қаңтар-шілде айларында жұмыртқа өндірісінің көлемі 2,9 млрд данаға жеткен. Сонымен қоса, жұмыртқа экспорты 2,4 есеге өсіп, 131,7 млн дананы құраған.

 

Кей мамандардың пікірінше, жұмыртқа бағасы жемнің бағасына тікелей байланысты. Олардың дәйегіне сенсек, бидайдың бағасы тоннасына 180 мың теңге болғанда, жұмыртқаның өзіндік құны 38 теңге құрайды. Яғни 1 дана жұмыртқа үшін көтерме баға 40 теңге болады. Жұмыртқа бағасының қымбаттауының тағы бір себепшісі – делдалдар. Өндірушілердің айтуынша, делдалдар жұмыртқаны 25 теңге көтерме бағамен сатып алады,  ал дүкенде оның бағасы 40 теңгеден жоғары. Сондықтан да мамандар арадағы делдалдарды құртып, өнімді өндірушілердің өзі сататындай мүмкіндік жасау керек екенін айтады. 

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста