Өнімділікті арттыруда минералды тыңайтқыштардың маңызы зор

Минералды тыңайтқыштар –  топырақты құнарландырып,  ауыл шауашылығы дақылдарының өнімділігін арттырып, сапасын жақсарту үшін қолданылатын, құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералды тыңайтқыштар – топырақ құнарлығын сақтап, жоғары өнім алуда шешуші рөл атқарады. Сондықтан да жөғары өнім алғымыз келсе, топырақ пен өсімдікті қоректендіру жұмыстарын дер кезінде жүргізуіміз қажет.

 

Минералды тыңайтқыштар өсімдік тіршілігі үшін аса маңызды. Олар құрамындағы белсенді элементтерге байланысты макро, мезо, микроэлементтер деп бірнеше топқа бөлінеді. Оның ішінде аса маңыздысы макроэлементтер. Макроэлементтерге азот (N), фосфор (P) және калий (K) жатады. Егер де өсімдікке осы элементтердің бірі жетіспесе, тұқым дұрыс өнбейді, өсімдіктің өнімділігі баяулайды, жалпы өсімдіктің өсіп дамуы тежеледі. Макроэлементтердің күрделі жетіспеушілігі болған жағдайда, өсімдік тіпті солып қалуы ықтимал.

 

Минералды тыңайтқыштар нарығы импортқа тәуелді

 

Мамандардың айтуынша, Қазақстанға қажетті минералды тыңайтқыштың 85-90 пайызы алыс-жақын шетелдерден әкелінеді екен. Яғни отандық өндірушілердің үлесі 10-15 пайызды ғана құрап отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі жылы сайын минералды тыңайтқыш сатып алуға миллиардтап қаржы бөледі. Өкінішке қарай ол қаржы шетелдік өндірушілердің қалтасына түсіп жатр. Тіпті, ресейлік және белорусьтық компаниялар минералды тыңайтқыштарды біздің топыраққа, климатқа сай етіп жасайды екен.

 

Деректерге қарағанда Қазақстанға минералды тыңайтқыштар Ресейден, Белорусь, Қытай, Германия және ЕО елдерінен, тіпті Бразилиядан жеткізілетін көрінеді. Олардың арасында Ресей елінің өндірушілері негізгі импорттаушы болып отыр. Мамандардың сөзіне сенсек, ресейлік тыңайтқыштардың сапасы жоғары. Оған қоса, шетелдік тыңайтқыштардың бағасы отандық тыңайтқыштарға қарағанда арзан деседі.

 

«Қазфосфат», «ҚазАзот» секілді тыңайтқыш өндіретін отандық компаниялар өнімдерін шетелдерге экспорттайды. Себебі, бағасы қымбат болғандықтан, ішкі нарықта сұранысқа ие болмай тұр. Мамандардың пайымдауынша, бұл мәселені шешу аса қиын емес. Мемлекет шаруашылықтарға берілген субсидияның мақсатты жұмсалуын қадағалауы қажет. Яғни, фермерлерге отандық минералды тыңайтқыштарды сатып алуды міндеттеу қажет. Осы арқылы отандық өндірістің көлемін аттырып, бағасын шетелдік тыңайтқыштармен теңестіруге мүмкіндік туады.   

 

Бағасын төмендетіп, көлемін арттыру арқылы егістік алқабының әр гектарына пайдаланылуы тиіс минералды тыңайтқыш мөлшерін ұлғайтуға болады. Бүгінгі таңда егіс алқабының бір гектары үшін қолданылуы тиіс тыңайтқыштар мөлшері қажетті нормадан әлдеқайда аз. Мамандардың дерегінше, Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанда жылына 1 миллион тонна тыңайтқыш өндірілсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 50 мың тоннаны құраған. Ал бүгінгі таңда минералды тыңайтқышқа деген жыл сайынға сұраныс  650 – 700 мың тоннаны қажет етеді екен.

 

Ал минералды тыңайтқыштарды жеткілікті дәрежеде қолданбау өнімділікті арттыруды тежейтіні сөзсіз. Оған агрохимиктардың дерегі куә. Агрохимиктердің айтуынша, 1 келі тыңайтқыш бидай өнімін – 7,5, күріш – 8,6, жүгері – 9,8 келіге артады екен.

 

Бұл мәселе мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Осы орайда, мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев Үкіметке көктемгі егіс жұмыстарына тыңғылықты дайындалып, фермерлер үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

 

Тыңайтқыштар құны өнімнің бағасына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Осыны ескерген Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне минералды тыңайтқыштардың бағасын төмендету бойынша бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.

 

Президент тапсырмасын жүзеге асыру барысында «ҚазАзот» компаниясының басшылығы отандық аммиак селитрасының бағасын биылғы 16 наурыздан бастап 200 мыңнан 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

 

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде берілген тапсырмасына сәйкес өнімділікті арттыру, өнім сапасын жақсатуға бағытталған жұмыстар одан әрі де жүргізілетін болады.

 

Минералды тыңайтқыштар топырақтағы қоректік заттардың мөлшерін көбейтіп, құнарлығын арттырады. Ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын өнім көлемін арттыру үшін екі жағдайды қамтамасыз ету қажет. Біріншісі — өсімдіктерді қажетті дәрежеде сумен қамтамасыз ету, екіншісі — минералдық тыңайтқыштармен, әсіресе азотпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету.

 

 

 

Қалдар Көмекбаев

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста