Кәсіпкерлік ел экономикасын алға сүйрейтін локомотив қызметін атқаруы тиіс

Кәсіпкерлікті дамыту экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруда басты бағыттың бірі болып табылады. Кез келген өркениетті елдің экономикасы шағын және орта бизнеске тікелей байланысты. Ондай елдерде шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 50 пайыздан жоғары. Бұл – нарық заңы.

 

Қазақстанда кәсіпкерлікке қатысты алғашқы заң 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданды.  Заңның атауы – Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы. Аталмыш заңның негізгі мақсаты кәсіпкерлікті құқықтық, экономикалық жағынан қолдау және қорғау, сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау болды.

 

Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға ауысқан алғашқы жылдары кәсіпкерліктің көлеңкелі тұстары көп болды. Мемлекеттік органдарда бюрократия, жемқорлық белең алды. Кәсіпкерлер тіркелу, лицензия алу үшін бір шығындалса, жұмыс бастаған соң тізбектеліп келетін тексерушілердің көңілін табу үшін екі шығындалды. Кәсіпкерлерге несие алу да оңай болмады. Оған қоса кеден және салық заңдарындағы олқылықтар кәсіпкерлерді кедергілерді айналып өтуге итермеледі. Соның салдарынан кәсіпкерлер табысты жасыру, салықтан жалтару, жалақыны конвертпен беру секілді заңбұзушылықтарға баруға мәжбір болды. Бұл ел экономикасының дамуына кері әсерін тигізді.

 

Әрине ел экономикасының өрлеуіне кәсіпкерлерліктің қосар үлесі мол екені айдан анық. Сондықтан да кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру қажет екені айтпаса да түсінікті. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағытының бірі салық жүйесін жетілдіру болып табылады. Соның бірі кәсіпкерлікке салынатын салықты азайту. Экономист мамандардың пайымдауынша, егер салық төмендесе, кәсіпкерлердің табысы артады, олар артық табысты өндірісті кеңейтуге жұмсайды. Нәтижесінде бюджетке түсетін салық мөлшері де артады. Ал салық – бюджеттің негізгі көзі.

 

Бүгінгі таңда мемлекет кешенді бағдарламаларды қабылдап, сол бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Егер Үкімет алға қойылған мақсатқа қол жеткізер болса, Қазақстан экономикасының қарыштап алға өрлуіне толықтай мүмкіндік бар. Бұл мәселеге Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айырықша тоқталып өтті.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

 

– Жақын уақытта мен Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту туралы жарлыққа қол қоямын. Бұл құжат мемлекеттік органдардағы ішкі рәсімдерді түбегейлі қайта қарап, заң шығару және бюджет үдерістерін оңтайландырудың бастауына айналады. Сонымен қатар, саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқару ісіндегі жаңа құрылымдық реформалар топтамасын әзірлеуге жедел кіріскен жөн. Жаңа Қазақстанның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімді байланысы негізінде қалануға тиіс. Бұл біздің елімізді дәйекті түрде ілгері дамытуды және азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

 

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік — шаруашылық қызметің негізгі түрінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті жетілдіру – экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың басты бағытының бірі. Кәсіпкерлік қызметке жасалған мемлекеттік қолдау ел экономикасының өрге басуының кепілі. Сондықтан да шағын және орта бизнесті дамыту және экономикалық реформаларды жүзеге асыру маңызды.

 

Ал, мемлекет белгілі бір дәрежеде қолдау көрсету арқылы бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ете алады. Кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін кәсіпкерлік проблемеларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттарын құру керек. Сонымен қоса,  жергілікті атқарушы органдар жанынан сараптамалық орталықтар ұйымдастырылуы тиіс. Сондай-ақ, қаржы институттарын құрып, идустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру қажет.

 

Өркениетті елдердің қай қайсысын алып қарасақ та олардың экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейтініне көруге болады. Өйткені шағын және орта бизнестің дамуы ел экономикасының артуына ғана емес, халықтың әл-ауқатының арттыруына да тікелей ықпал етеді.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста