Білім мен біліктілік - бәсекеге қабілеттілік

Білім мен біліктілік - бәсекеге қабілеттілік

Жастар – ел болашағы. Бұл туралы ел басшылары жоғары мінберлерден үнемі үн қатып келеді. Статистикалық мәліметке сүйенер болсақ 2021 жылы ел халқының бестен бірін, яғни 20,2 пайызын 14-29 жас аралығындағы жастар құраған болатын. Ал, бүгінгі таңда, бұл көрсеткіш одан да арта түсті. Өйткені 2015 жылдың 9 ақпанында қабалданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» туралы заңға, жастар санатындағы азаматтардың жас шегін 35-ке дейін ұлғайту туралы өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде елімізде жастар саны күрт артты.

 

Бүгінгі таңда, шамамен, ел халқының төрттен бірін жастар құрайды. Ал, бұл – үлкен қозғаушы күш. Демек, жастар қоғам дамуының кез келген саласында локомативке айнала алады. Ол үшін жастардың сапалы білім алуына жағдай жасап, оларға дұрыс бағыт-бағдар бере білуіміз қажет.

 

Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту – бұл, мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі. Білімді ұрпақ – ертеңгі білікті маман, ал, білікті маман - қоғам дамуының қозғаушы күші. Сондықтан да мемлекет басшысы жастар саясатына айрықша көңіл бөліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында: «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», деп, жастар мәселесіне тоқталып, Үкімет пен әкімдерге нақты тапсырмалар берді.

 

Үкімет жастар саясатын дамыту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған жастарды қолдау жөніндегі кешенді жоспар қабылдады. Аталмыш жоспар жастар саясаты туралы заңда айқындалған жастарды қолдау бойынша 9 бағытты қамтыды. Жастарды қолдау жөніндегі институционалды база құрылды.  209 өңірлік жастар ресурстық орталығы, 218 өңірлік жастар ісі жөніндегі кеңес, кәсіпорын, жоғары оқу орындарында, колледждерде 897 жастар ісі жөніндегі комитет құрылып, өз жұмысын атқарып келеді.

 

Президен тапсырмаларын орындау бойынша, 2023 жылдың 11 ақпанында Үкіметте өткен кеңесте жастар саясаты және білім беру саласын дамыту тұжырымдамаларының жобалары қаралып, Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөнінде бірқатар мәселелер талқыланды. Кеңес барысында жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы 6 бағыт пен 10 нысаналы индикаторды және 72 іс-шараны қамтитыны айтылды. Сондай-ақ жастармен жұмыс істеу және олардың проблемаларын шешу бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін Жастарды дамыту индексін енгізу туралы сөз болды.

 

Кеңесте сөз алған оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023-2029 жылдарға арналған мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Министрдің айтуынша, аталмыш жоба мектепке дейінгі сапалы білім алуды қамтамасыз етеді және мектептегі білім беру сапасын арттыруға ықпал жасайды. Сонымен қоса, үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі шешілетін болады. Білім ордаларына орын тапшылығын жою арқылы жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру жөнінде шаралар қабылданады. Осы мақсатта 1,5 млн жаңа оқушы орны ашылады деп жоспарланып отыр. 2026 жылға қарай ауылдарда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында 5 мың мектеп жаңғыртылады. Мектептер қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталады.

 

Сондай-ақ, министр балалардың сапалы сауығуы мен демалысын қамтамасыз етуге қажетті деңгейде көңіл бөле отырып, шығармашыл, интеллектуал және физикалық тұрғыдан жетілген тұлға қалыптастырып шығару үшін жағдай жасалатынын тілге тиек етті. Одан өзге, министр, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қазақстандық жастардың колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуына баса назар аударылтынан айтты.

 

2022 жылдың 12 шілдесінде өткен «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI Съезінің Пленарлық отырысы барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға арнайы үндеу жолдаған болатын. Үндеуде Президент Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады.

 

«Біріншіден, болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Ал, цифрлық технология мен инновацияны жақсы меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайды. Сондықтан бірнеше тіл біліп, түрлі кәсіп игеру жастардың қолынан келеді және олар бәсекеге қабілетті болуы қажет. Сол арқылы халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсара аламыз.

Екіншіден, жастар адал еңбекті бағалаға, рухы биік, санасы сергек болуға тиіс. Жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, жаһанданудың жағымсыз әсерлерінен сақтануы қажет. Мемлекеттік мүдде бәрінен биік тұруы керек. Әрбір жас ана тілін, ата дәстүрін, төл тарихын білуге міндетті.

Үшіншіден, жастар отаншылдық қасиетті, қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезіну керек. Туған елге құрмет жалынды сөзден емес, жасампаз істен көрінеді, алдына мақсат қойған азамат нағыз мемлекетшіл тұлғаға айналады» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы сөз соңында жастарға зор үміт артатынын және жастардың үмітті ақтайтынына сенім білдірді.

 

Тек білімді әрі білікті жастар ғана әлемдік кеңістікте бәсекеге қабілетті болады және биік шыңдарды бағындыра алады. Ал, биік шыңдарды бағындыру әрбір жастың басты мақсаты болуы тиіс. «Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,...» деген нақыл сөз бүгінгі күні өзектілігін көрсетіп отыр. Өйткені, қашанда тың бастамалар және озық идеялардың бастамашысы жастар екеніне талас жоқ.

 

 

Қ. Кумекбаев

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста