Ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамыту - мемлекеттік саясаттың басым бағыты

90 жылдарда колхоздар мен совхоздардың ыдырауы, салалық кәсіпорындардың жабылуы салдарынан ауылдарда жаппай жұмысссыздық белең алды. Ауылда жан бағу қиындады. Сондықтан жұмысқа қабілетті ауыл тұрғындары нәпақа табу үшін қалаға ағылды. Бірқатары қалаға біржолата қоныс аударды. Салдарынан ауыл күйреді. Бұл үрдіс он жылдан аса жалғасты.

 

Аграрлы ел үшін ауылдың маңызы зор екені білгілі. Сондықтан Үкімет 2000 жылдардан бастап ауылға баса назар аудара бастады. Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бағдарламалар қабылданды. Жеке кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету қолға алынды. Жеңілдетілген несие беру тетіктері қарастырылды. Тұрақты жұмыс орындары ашыла бастады. Үкімет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде адамдардың ауылдан көшу үрдісі бірте-бірте саябырсыды. Ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайы жақсара түсті. Бүгінгі таңда, ауылдарда табысқа кенеліп, ондаған адамға жұмыс беріп отырған жеке кәсіпкерлер қатары жыл санап артып келеді.

 

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Батыс Қазақстан облысында – 51012, Атырау облысында – 59528, Маңғыстау облысында – 64330, Ақтөбе облысында – 75525, Қызылорда облысында – 56976, Түркістан облысында – 149383, Жамбыл облысында – 87108, Алматы облысында – 150448, Қостанай облысында – 60772, Солтүстік Қазақстан облысында – 34251, Ақмола облысында – 55003, Павлодар облысында – 53361, Қарағанды облысында – 109023, Шығыс Қазақстан облысында – 110093 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Статистика бюросының мәліметіене сүйенсек, елімізде жеке кәсіпкерлер саны жыл сайын өсіп жатқан көрінеді.

 

Жеке кәсіпкерлікпен айналысушылардың қатарының жыл сайын көбеюіне Үкіметің ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға бөліп отырған шағын несие көлемінің артуы сеп болып отыр. Оған қоса, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған шағын және орта бизнесті дамытуға бөлінетін несиенің жол картасы да серпін берді. Жол картасы аясында мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрмақ болған кәсіпкерлерге 6 пайыздық мөлшерлемемен, 7 жыл мерзімге 18 млн теңгеге дейін несие берілді. Кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі болмаған жағдайда мемлекет тарапынан кепілдендірілді. Одан бөлек, бұрын ауыл десе ат-тонын ала қашатын екінші дәрежелі банктер 2018 жылдан бастап ауылдық кәсіпкерлерге несие бере бастады. Бұл да өз кезегінде оң динамикаға өз үлесін қосты.

 

Әрине жеке кәсібін ашқандардың бәрінің асығы алшысынан тұрып, айы оңынан туып кеткен жоқ. Олардың арасында миллиондап табыс тауып, байып кеткендер де, ісі оңға баспай, қиындыққа тап болып жүргендер де бар. Мамандардың айтуынша қиындыққа тап болатындар кәсіпкерліктің қыр-сырын толық меңгермегендер. Сондықтан жеке кәсібін ашамын деген ауыл тұрғындары кәсіпкерлік негіздерін оқуы қажет. Кәсіп ашамын деген адам бизнес жоспар құруды, қаржыны тиімді жұмсауды үйренуі керек. Олай болмаған жағдайда кәсібіңіздің күйреу ықтималдығы жоғары болмақ.

 

Қуантарлық бір жағдай - елімізде жас кәсіпкерлер қатарының көбейіп келе жатқаны. Соңғы бір жылда жасы 29 - дан аспаған кәсіпкерлердің саны 36 пайызға өскен. Осылайша, елімізде тіркелген жалпы кәсіпкерлердің 18 пайызын жастар құрап отыр. Жас кәсіпкерлер арасында ерлердің саны – 109,1 мың болса, әйелдер саны 102,8 мың. Алайда, әлі де болса, ауылды жерлердегі жас кәсіпкерлердің үлесі төмен. Нақты айтқанда олардың үлесі 25 пайыздан аспайды. Десе де осы жылы ауылды жерлердегі жас кәсіпкерлер қатары 39,9 пайызға артып, 53,3 мың адамға жеткен.

 

Мамандардың мәліметінше халықтың басым бөлігі, тіпті кәсіпкерлердің көпшілігі мелекеттік қолдау шаралары туралы біле бермейді. Қазіргі таңда халық қызмет түрлерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы алатынын ескерсек, цифрландырудың маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан барлық саланы цифрландырып, сапалы қызмет пен тауар ұсынуды дамыту қажет.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та цифрландырудың маңыздылығын әркез назардан тыс қалдырған емес. Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезінде мемлекет пен бизнес арасындағы байланысты цифрландыру жұмыстарын белсенді жалғастырудың маңызды екенін тоқтала келе; «Цифрлық дамудың маңызды бағыттарының бірі – жер учаскелері, құрылыстың негізгі жоспарлары, қолжетімді қуаттар, коммуникациялар және басқа да ақпаратты цифрландыру. Бұл – өндірістің негізгі факторлары. Онсыз бизнесті жүргізу мүмкін емес» - деген болатын.

 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті тікелей қолдау мен субсидиялаудан мейлінше нарықтық құралдар мен әдістерге көшуді қарастыратын шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеуі қажеттігін айтты.

 

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

 

– Жалпы шағын және орта бизнес санының өсуіне қарамастан, орташа компаниялар үлесінің төмен болуы – бұрынғы және әлі күнге дейін шешілмеген проблема. Дәл осы компаниялар мейлінше орнықты әрі бәсекеге қабілетті. Осыған байланысты шағын бизнестен орта санатқа көшу үшін реттеуші және ынталандырушы жаңа шаралар қажет.

 

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін айтқан президент «Жалпы, ауылдық өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту – нақты шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі. Әсіресе аймақтардағы бай шикізат көздерін пайдалана отырып, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамытуға кең мүмкіндіктер беру керек» - деді. Сонымен қоса, президент «биылдан бастап мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, экономиканың ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау сынды жұмыстарды қолға ала отырып, әр аудан әкімдігі жыл бойы 100 жұмыс орнын ашуы керек», деп тапсырма берді.

 

Кез келген мемлекеттің экономикалық дамуы елдегі шағын және орта бизнеспен тікелей байланысты екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі 50%-дан жоғары екен. Ал еңбекке қабілетті халықтың 60 пайызы шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін көрінеді. Бұл көрсеткіш Жапонияда – 80%, Еуроодақ елдерінде – 75%, АҚШ-та – 65% , ал Ресейде – 26%. Демек ел экономикасын ілгері дамытамыз деген әрбір мемлекет шағын және орта бизнеске баса назар аудырып, әркез қолдау көрсетуі керек.

 

Бүгінгі таңда ел халықтың 41 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Ал онда өте мол ауылшаруашылық шикізат қоры бар. Бұл шикізат көзі шағын және орта бизнесті дамытуда үлкен әлеуетке ие екенін естен шығармауымыз керек. Осы мол шикізатты өңдеу арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, сапалы азық-түлік өнімдерін өндіруге қол жеткізе аламыз.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста