Талдықорғанда үздік журналистер марапатталды

Талдықорғанда үздік журналистер марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Талдықорғанда 25 үздік журналист марапатталды. Олардың бәрі де облыс әкімінің жүлдесі үшін жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін журналистер байқауының I орын жүлдегерлері атанып, дипломдар мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар тағы 51 журналист II және III дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Журналистерді құттықтаған облыс әкімі А. Баталов облыстың, соның ішінде Талдықорған қаласының дамуына қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.
- Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының, мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерде қалай орындалып жатқанын жазып та, көрсетіп те келесіздер, атқарылып жатқан игі істердің ішінде жүрсіздер. Сол үшін сіздерге ризашылығымды білдіремін. Біздің бірлесіп атқаратын іс-шараларымыз әлі деп көп болады деп ойлаймын, - деді А. Баталов құттықтау сөзінде.
Сондай-ақ журналистер атынан «Жетісу» газетінің бөлім меңгерушісі Қуаныш Тұңғатар, «Айқын» газетінің меншікті тілшісі Болат Абаған, «Огни Алатау» газетінің тілшісі Татьяна Демидова сөз сөйледі.
Жалпы байқауға республикалық, жергілікті БАҚ өкілдерінен 114 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 578 мақала, 110 бейнесюжет пен 94 фотоматериал қабылданған.
Бұл байқауда журналистердің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының, Қазақстан 2050 Стратегиясының, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жайлы материалдары сарапқа салынды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста