Студенттер мен жас мамандар Елбасының көшбасшылық қасиетін үлгі тұтады

Студенттер мен жас мамандар Елбасының көшбасшылық қасиетін үлгі тұтады

Назарбаев Университетінде «Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық сабақтары» атты заманауи мастер-класс өтті. Шараны «Болашақ» Ассоциациясының көмегімен «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымдастырды. Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен жас мамандар көшбасшы болудың қыр-сырын меңгерді.

Мастер-класс барысында қатысушылар көшбасшы ұғымын еліміздің политикалық тәжірибесінде орын алған жағдайларды мысалға ала отырып қарастырды. Жастар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихының әр түрлі кезеңінде қабылдаған шешімдеріне талдау жасады. Елбасының қабылдаған шешімдеріне байланысты көшбасшыға тән басты қасиеттерді анықтады. Ядролық қарудан бас тарту, «Болашақ»пен «Нұрлы Жол» бағдарламаларының іске асуы туралы нақты мысалдар сөз болды.

Шарада жекелеген тақырыптарды талқылаумен қатар, арнайы шақырылған қонақтар бүгінгі еліміздегі өзекті мәселелер мен оларға қатысты шешімдер туралы өз ойларын ортаға салды. «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидулла Абдрахимов партияның жаңғыруына байланысты бастамалары жайлы сөз қозғады. Алдағы екі айда партия халықты алаңдатқан мәселелерге байланысты нақты ұсыныстарын жинайтын «Қоғамдық бастама» онлайн-петициялар алаңын жүзеге асырады. Ұсыныстар дауыс беру арқылы басқа да азаматтардан қолдау тапса, партия міндетті түрде талқыға салмақ. Бұл құрал қоғамның көңіл күйін анықтап қана қоймай, азаматтарды мазалаған мәселелердің шешімін табуға көмектеседі және халық пен мемлекет арасында көпірге айналады деп сенеді.

Сондай-ақ, партия хатшысы облыс әкімдерін тағайындауға байланысты «партиялық номинация» жобасына тоқталды. Әкімдерді таңдау барысына жергілікті тұрғындардың қатысуын қолға алмақ. Сондай-ақ, мастер-класс қонақтары бүгінгі өзекті тақырыптарда өз пікірлерін білдірді. «ForteBank» АҚ басқарма басшысы Мағжан Әуезов банк сферасындағы соңғы өзгерістер жайлы талқыласа, «Самрұқ-Қазына» АҚ Адам ресурстарын басқару және коммуникация жөніндегі басқарушы директоры Ұлан Тәжібаев мәдени жаңғыру тәжірибесі тақырыбында сөз қозғады. Ал Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов рухани жаңғыру ұғымын өзгерістерді басқару арқылы түсіндіріп, кез келген өзгеріс өзіміздің жүріс-тұрысымыздан бастау алу керектігін айтты.

Мастер-класс соңында қатысушылары Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендік, шешім қабылдау қабілеттігі мен қиын таңдау жасау, прагматизм сынды көшбасшылық қасиеттерін атап өтті.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста