Шараның басты міндеті ынтымақты күшейту
Cалауатты өмір салтын ұстанып сергек жүргенге не жетсін?! Халық саулығы мемлекеттің ең басты байлығы екені даусыз. Осы бағытта Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өңірдегі этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Оныншы рет өтіп жатқан шараның ашылу салтанатына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысты. Ол салтанатты жиында сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірдегі этностардың достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда бұндай шаралардың маңызы зор екендігін баса айтты.
Облыстағы этномәдени бірлестіктердің және ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінен құрылған командалар кіші футбол, шахмат, үстел теннисі, қашықтыққа жүгіру, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өзара сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жеңіп алды. Ал І орын облыстық славян этномәдени бірлестігіне бұйырды. ІІ орын облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің, ІІІ орын облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің атынан қатысқан команданың еншісңне тиді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлыққа ие болды.
Денсаулықты күшейтіп, еңбек өнімділігін арттырып, ынтмақтастықты ауызбірлікті нығайтататын осындай игі шаралар болашақта да өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Игі істердің бастамасы осындайдай шаралармен ұштасып отыратыны көңіл қуантады.
Алаш айнасы