Қоғамдық кеңес азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді

Қоғамдық кеңес азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы наурыз айында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында көптеген мәселелерді кеңінен қамти отырып азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға да ерекше тоқталды. Жолдауда  азаматтық белсенділікті одан ары жандандырып мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жол ашуымыз қажет екені айтылды. «Сол себепті орталық және жергілікті органдардың, квазимемлекеттік сектордың жанындағы қоғамдық кеңестерді дамытып жатырмыз», – деді ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Биыл еліміздегі өңірлердің барлығында қоғамдық кеңестердің құрамы қайтадан жасақталып, жаңа мүшелерімен жұмысқа кірісіп кетті. Негізінен кеңес құрамына әртүрлі мамандық иелері қамтылды. Еліміздегі қолданыстағы заңға байланысты қоғамдық кеңес мүшелігіне жекелеген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.  Алдағы күндері қоғамдық кеңестердің ұсыныстары мен пікірлері жан-жақты талқыланып, сараптаудан өтіп, елдің мұң-мұқтажы ескеріліп жұрттың көкейінде жүрген мәселелер біртіндеп шешімін таба беретіні анық. Өйткені, түйткілді мәселелерді халықпен ортақ пікірге келмей шешуге болмайтынын уақыттың өзі дәлелдеді. Сондықтан қоғамдық кеңестер бүгінде азаматтық қоғамның дамуына зор ықпал етеді.

Бүгінгі таңда қоғамдық кеңестердің атқарар жұмысы орасан. Дегенмен көпшіліктің арасында қоғамдық кеңестің жұмысынан бейхабар жандар да бар екенін жиі байқаймыз. Сондықтан қоғамдық кеңес пен азаматтық қоғам жайына біршама тоқталып өткен артық болмас.

Жалпылама айтар болсақ азаматтық қоғам – қоғамдық мүддеге бағытталған өзіндік ұстанымы бар, бүгінде бәріміздің, яғни ел-жұрттың басынан өтіп жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын, ертеңгі жағдайға жауапкершілікті сезінетін адамдардан тұратын қоғам. Азаматтық қоғам – ойдан шығарылған демократия емес, шындықтың құрамдас бөлігі. Қазір қалалар мен аудандардың қоғамдық кеңестері, түрлі қызметтегі қоғамдық ұйымдар сияқты азаматтық қоғамның институттары күшейіп келеді. Бірақ бұл азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуының негізі ғана. Халықтың басым бөлігінің өмірлік ұстанымы енжарлықтан белсенділікке ауысқанда ғана азаматтық қоғамның бар екенін айтуға болады.

Қоғамдық кеңесті демократияның қажетті құралы деуге болады. Бұл қоғам мен билік арасындағы сындарлы диалогты дамытуға жәрдемдесуге және сол арқылы ашық, тұрақты,  салауатты қоғамды дамытуға көмектесуге арналған, болашақ азаматтық қоғамның іргетасын қалаудағы іргелі жаңа қоғамдық институт. Нақты айтсақ саяси-экономикалық дамудың және халықтың мәдениеті мен өзіндік сана-сезімінің өсуінің көрсеткіші.

Қоғамдық кеңес билікке оппозиция емес және қандай да бір адамдар тобының мүддесін көздейтін лоббист емес. Ол – халықтың үні, биліктің кеңесшісі, қоғамда туындаған түйткілдердің сарапшысы. Елдің пікірін, қажеттілігін, сұранысын биілікке жеткізіп, сол арқылы қоғамдағы мәселенің тиімді шешіліуіне ықпал етеді. Билік пен қоғам бірін-бірі түсінуге ұмтылғанда ғана өзара сенім пайда болады. Әрине, жұртшылық билікке өз бастамаларын, мәселелерді шешу жолдарын ұсына алады. Бірақ қоғамдық кеңессіз биліктің реформаторлық идеяларын қоғамда насихаттау, бұл идеяларды қолдаушылар қатарын кеңейту, оларды жүзеге асыруға белсенді көмекшілерді тарту әлдеқайда қиын.

Күллі әлемді әбігерге салған пандемия, еліміздің басына қара бұлт үйірген қаңтар қасіреті сияқты келеңсіз жағдайлар көп нәрсенің құрылымын қайта қарастыруға тура келетінін айқындап берді. Елде туындаған мәселелер дер кезінде шешілмесе жағдайды күрделендіре түсетіні тағы да дәлелденді. Бұл арада қоғамдық белсенділіктің жылдан-жылға артып келе жатқанын, түрлі мемлекеттік емес құрылымдардың бірлестіктерге бірігіп, өз құқықтары мен мүдделерін ұжымдық күш-жігермен қорғауға тырысып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жолдарына өзіндік көзқарастарын жариялап жатқанын мойындамау мүмкін емес.  Демек, уақыттың өзі принципті жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда көптеген мәселелерді билік пен қоғам бірлесіп талқылайтын және сол бойынша бірқатар негізді шешімдерді айқындайтын салмақты институционалдық платформа сұранысқа ие. Бұны текетірес емес, мүдделер консенсусын табу алаңы деуге де болады. Осының барлығы билік пен қоғамның өзара іс-қимылын дамытуға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге және соның нәтижесінде еліміздің прогрессивті дамуына ықпал етер еді. Бұлардың барлығы дұрыс пайдаланылғанда өте тиімді болатыны белгілі.

Қоғамдық кеңестің ұсынымдары мемлекеттік органдардың қоғам пікірін елеусіз қалдырмауы үшін өте маңызды. Қоғамдық кеңестің өзінде азаматтық қоғамның өкілдігі олардың мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайтынын ескермеуге болмайды. Бұл құрылымға қатысты барлық мәселелер бойынша өкілдіктің құзыретін қамтамасыз етеді. Әрбір салада қалыптасқан жағдайды және мәселелерді іс жүзінде шешу тетіктерін нақты білетін мемлекеттік органдардың өкілдерінсіз мұны жүзеге асыру мүмкін емес екені де баршаға белгілі. Мемлекеттік органдар өңірді дамытудың заңдылықтары мен мүдделеріне сәйкес келмейтін кейбір шешімдер мен жобаларды ілгерілету бойынша қоғамдық кеңестің ұсыныстарының артына жасырынуға тырысатын жағдайларға жол бермеу керек. Қоғамдық кеңестердің қызметі мәслихаттардың жергілікті деңгейде халықтың мүдделерін ескеретін шешімдер қабылдауына зор ықпалын тигізеді. Осылайша, қоғамдық кеңесте, барлық комиссияларда мемлекеттік қызметшілер мен үкіметтік емес сектор өкілдері қоян-қолтық жұмыс істегенде ғана жақсы нәтижелерге қол жетізуге болады.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста