Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі

Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі

Биылғы жылы рухани жаңғыру бағдарламасы қазақ елінің әр мектеп пен университеті, кез-келген білім беру орталықтарында қолға алынған міндетті компонеттердің бірі «Академиялық жазу» пәнінен бастау алады. Дәл осы пәннен білім беретін ұстазым әрі жетекшім, журналистика және аударма ісі кафедрасының филология ғылымдарының кандидаты,доценті, ұлағатты ұстаз Тулекова Гүлжан Хажымұратқызының ақпараттық хаты мақаламның тиегі болып отыр. Ақпараттық хат былай болатын: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары М.М.Тәжиннің төрағалығымен 2017 жылғы 11 қыркүйекте өткен кеңес хаттамасының 2.3.4 тармағын орындау мақсатында «журналистика» мамандығы бойынша студенттердің арасында «Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі» тақырыбында үздік эссеге конкурсын өткізуді және үздік жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауын ұйымдастыруды сұрайды». Міне осындай жолдамалар мен ақпараттық хаттар, ұлағатты ұстаздар әр студент пен шығармашылық адамына үміт сыйлап, шабытына қанат бітіреді.
Шіркін-ай,өткеннің зобалаң шақтары мен дақ түсірген аттарын,бақытсыз уақыттарын ұмыттырар ем болса ғой. Сары даланы күңірентіп, қаншама қан-терімен міне бүгін азаттықтың көк туын желбіретіп,етек-жеңімізді жинап,ержеткен баладаймыз. Өткенді саралап,бүгінімізге тәубе етіп,келешегімізге нық сеніммен қадам басар жолда Қазақстаным ендігі біраз асу-белдерден өтті. Әр жеткен жетістігіміз өткеннің жағымсыз тұстарын көлеңкелеп, шуақты сәттерін молайтуда. Бұл күн-білім,ғылым заманы. Қайда барсаң «Қорқыттың көрі» емес. Мен-Қазақпын! Көреген елдің ұланымын,қызымын деп жаутаңдамай,жалтақтамай айта алатын бейбітшілік заманы.
Еліміз өркениет жайып,дамыған елу елдің қатарына еніп,өзге елдер алдында мәртебеміз жоғарылап,Астанамыздың асқаралы болып,Ордамызға құт-береке орнауының өзі біз үшін үлкен мереке. Әр жасалған қадам,әр бір жолдау,әр бір келісім даму жолына бағытталды. Сарабдал саясатымен,зиялы ақылы мен, зайырлы мемлекетінін бір арнада дамыту жолында елбасымыздың еңбегі ерен. Бір жылда бірнеше рет жолданатын жолдаулар мен үндеулер жарқын болашақ кепілі. Қазақстан-жаратқан жарылқап бере салған жарқын жер жәннаты дер едім. Еліміз табиғи да рухани да өте бай. Оны жолдаудың нәтижесі айқындай түседі. Осы арада Қазақстанның әлем картасындағы орны мен ордасы туралы да айта кеткен жөн дер едім. Атап өткеніміздей Қазақстан тәуелсіздік алғаннан толастамай, талпынып тырмысып ,ендігі әлем картасына өз қолтаңбасын бір рет емес бірнеше рет қалдырып үлгерді. Бейбітшілік туын көкке көтерген көреген ел мен елбасымыз алғаш әлем сахнасына бейбітшілік туын ала келген болатын. Ядролық қарусыз ілем саясатын ұстанған еліміз жаһанға үлгі. Елбасымыз осы шешімді қабылдай отырып,болашығымыздың жарқын болуына кедергі болар жалғыз заттың көзін құртып бейбіт өмірді қалайтынын дәлелделі. Жаһанды індетпен күресуге шақырып,үлгі-өнеге бола білді. Бұл осыдан 24 жыл бұрын ядролық қатерге қасқайып қарсы тұрған Қазақстаның саналы қадамы болатын. 26 жыл өтсе де өзінің белсенділігін жоғалтпаған еңселі елім осы жылы да тарих сахнасына алтын әріппер жазар жазба қалдырды. Ол-«ЭКСПО-2017» көрмесі болатын. 2012 жылғы жасырын дауыс беруде Қазақстан тағы да өз беделін көрсетті. 161 мемлекет арасынан 103 ел даусын жинаған қазақ елі көптің қызығушылығы мен сенімін тудырған болатын. Біздің ел сол сенімді ақтады. Бәсекеге қабілетті жасампаз жарқын ел екенімізді дәлелдеді. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өз деңгейінде өтті.Көрмеге 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысса,3 млн адам келіп тамашалаған. «Болашақ энергиясы» деп аталатын көрменің әлемге айтары мен берері мол болды. Әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз,мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік беретінін дәлелделі. Жоба көлемінде еліміз жаңа жетістіктерге жетіп, әлемге пайдасын тигізер іс жасағанын айта кету керек. Әлем халықтарының сенімі ақтау жолында өзге елдермен саяси байланыс жасап, даму жолында үлгі әрі өзге мемлекеттермен дос және табыс көзін қуаттады. Іс-шара аясында түрлі ұйымдармен келіссөздер жүргізіліп, 800-ден астам құжаттарға қол қойылды.
Жас мемлекеттің бас мемлекет бола алатынын дәлелдедік. Қазақстан- ол жаңғыру мен өркендеудің мекені.Әр ісіміз жаһанға үлгі болар әрекет. Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі міне осындай.
Қазақстан-бейбітшіліктің, жасампаздықтың, өркендеудің символы.

Ақниет Аманхан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста