Орта және шағын бизнестің ғылым жаңалықтарына ынтасы қандай?

Орта және шағын бизнестің ғылым жаңалықтарына ынтасы қандай?

Дәл қазіргі уақытта Қазақстан саяси өзгерістерді бастан өткеріп жатыр. Барша дүние ұлы өзгерістің алдында тұрғандай. Қазақстан үшін қазір сол өзгерістердің ішінде болу ғана емес, экономикалық дамуын нақтылап, уақыт талабына бейімдеп алу да маңызды. Ал саяси өзгерістер экономикалық дамуға жеткізіп, халықтың әл-ауқатына әсер еткен кезде ғана жемісті болмақ. Экономиканың әлемдік бәсекеге төтеп беруі ғылым мен бизнестің дәрежесіне байланысты. Өкінішке орай, соңғы жылдары ғылым мен білімнің дамуы біршама бәсеңдеп, уақыт көшінен кенже қалғаны шындық. Бұл тіпті кезек күттірмейтін мәселеге айналған-ды. Сондықтан да Ұлттық Ғылым Академиясының өткен жылғы мерейтойлық сессиясында Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдар қауымдастығының негізгі міндетін: «Ғылымды, техника мен инновацияны дамыту мемлекетіміздің бәсекеге қабылеттігін арттырудың негізгі шешуші бағыттарының бірі» деп тұжырымдап еді. Республика Президенті, әсіресе, ғылыми-зерттеу және тәжірибе- конструкторлық жұмыстарына айрықша назар аударып, ғылымды және зерттеу жұмыстарын қаржыландырудағы жеке инвестицияны қолдауға баса назар аударды. Ғалымдар мен зерттеушілерге үлкен міндет пен жауапкершілік – ғылым мен бизнестің Қазақстанның дамуында ролін көтеру жүктелді. Ел басшысының ғылымға осыншалық мән-мағына беруі – ғалымдар мен оқымыстылар арасында ерекше қолдау тапқаны шындық. Енді мынадай сұрақ туады: ғылыми-зерттеу мен тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін арттыру мен ғылымға негізделген экономиканың үлесін ұлғайту үшін не істеу керек?

Әділетін айтқанда соңғы жиырма жыл Қазақстанның ғылым саласы үшін тұтас бір сынақ болды. Ғылым көбіне тек мемлекеттің арқасында, мемтапсырыс есебінде берген аз-кем қаржысын игерумен айналысты. Бәлкім, соның арқасында болар, бүгінгі заманға сай жаңалық ашу кенжелеп қалғанмен, ғылым базасы сақталып қалды. Ғылымның «екінші санатқа» шығып қалуынан біз қанша ұтылдық, оны ешкім есептеген жоқ. Бірақ, экономика тілімен айтар болсақ, «дотациямен» күн көргені анық. Оны мынадан-ақ көруге болады. Ғылым саласы тиімділігінің көрсеткіші - ғылыми зерттеу мен тәжірибе-конструкторлық істерге жұмсалған ішкі шығынның көлемі болады алады. Мұндай шығынның көлемі  2019 жылы 82,3 миллиард теңге болыпты. 2020 жылы ол 89 миллиард, 2021 жылы 109,3 миллиардқа жеткен. Бұл ғылымға бөлінген қаржының өскенін де көрсетеді. Яғни, мемлекет ғылым саласын мүлде ұмыт қалдырған жоқ. Ал осы қаржы Жалпы Ішкі Өнімнің қанша пайызын құрайды дегенге келсек, айтуға ауыз бармайды. 0,13 пайыз! Сондықтан да ғылым саласының тиімділігі көңіл көншітпейді. Біраз қаржы бөлмей жатып, тиімділік пен пайданы көздеу – логикаға сыймайтыны анық. Сондықтан да Республика Президенті «мемлекеттік бюджет, жер қойнауын пайдаланушылар және ұлттық компаниялардың қаржысымен қатар, жекеменшік секторы – индустриалдық корпорациялар мен басқа фирмалар да ғылымды қаржыландыруға кірісуі керек» деп атап көрсетті. Президент тұжырымының мынадай мәні бар: әлемде ғылыми зертеулерді қаржыландыруда орта және шағын бизнестің алатын орны тіпті ерекше. Орта және шағын бизнес – шұғыл қимылдай алады, ыңғайлы, өзгеруге және тәуекелге дайын, нарық талабына тез бейімделеді. Көптеген дамыған елдерде орта және шағын бизнес ғылыми жобаларды инвестициялық қорлар арқылы венчурлық жолмен қаржыландырады. Есесіне мемлекеттің қолдауы мен салық жеңілдіктеріне ие болады. Өйткені, орта және шыған бизнеске ғылым жетістіктері ауадай қажет. Сол арқылы олар табысын еселей алады. Ал бізде әзірше ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, яғни ғылыми жетістіктерге тапсырыс беруші – мемлекет болып отыр.  Мінекей: ғылыми тапсырыстардың 2019 жылы 44 пайызы, 2020 жылы 52 пайызы мемлекет есебінен жүзеге асырылған. Енді осыны дамыған елдердегі көрсеткішпен салыстырайық. Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландырудағы мемлекеттің үлесі: Канадада – 33, Қытайды – 20,2, Корея Республикасында – 20,5, АҚШ – 23, Жапонияда – 14,6 пайызды құрайды. Орташа есеппен алатын болсақ, дамыған елдерде мемлекеттің ғылымды қаржыландыруда үлесі 14- 35 пайыздың арасында. Бұл оларда мемлекеттің инновация мен ғылым жетістігіне негізгі тапсырыс беруші емес екенін көрсетеді. Есесіне ғылым мен оның жетістіктеріне қол созу – бизнестің мойнындағы міндет. Бизнес, орта және шағын бизнес өкілдерінің ғылымды қаржыландырудағы үлесі: Жапонияда – 79,1, Қытайда – 76,6, Корея Республикасында - 76,6, АҚШ – 62,4, Канадада – 41,1 пайызға жетіп отыр. Сондықтан да дамыған елдерде инновация мен ғылым жетістері мол, бизнес – қарқынды, жаңа технология күн санап жаңарып жатыр.

Ал Қазақстанның орта және шағын бизнесі инновациялық технологияның дамуында жетекші орынға шығуы мүмкін бе? Жалпы, барлық кәсіпорындар мен өндіріс орындарын қоса алғанда ғылым жетістігіне қарай қозғалыс барын жоққа шығаруға болмайды. ҚР Ұлттық статистика Бюросының мәліметтеріне қарағанда 2020 жылы 28 мыңнан аса кәсіпорын инновациялық қызметті қолға алған. Оның ішінде 3 236 кәсіпорын таза инновацияға көшкен. Орта есеппен алсақ, кәсіпорындардағы инновациялық белсенділік 11,5 пайыз екенін байқауға болады. Нақты әр сала бойынша бөліп айтсақ, ірі кәсіпорындардың 43 пайызы, орта кәсіпорындардың 25,6 пайызы инновациялық белсенділік көрсетіп отыр. Ал, орта және шағын бизнестің белсендігі 7,6 пайыз ғана. Бұл аз, әрине. Орта және шағын бизнестің инновациялық белсенділігін арттыру үшін қандай экономикалық және жеңілдік шараларын қарастыру керек, бұл ойлантуға тиіс мәселе. Қаржы аздық ете ме, әлде ынта жетпей ме, әлде салық жеңілдіктері мен несие пайызын төмендету керек пе? Бұның бәрі де кешенді зерттеуді қажет ететін сұрақтар. Қалай дегенмен де орта және шағын бизнесті инновацияға жетектейтін шаралар қажет екені анық.

 

       С. Ақынжанов  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста