Оңтүстік Қазақстанда үлкен базар 12 минутта күлге айналған

Оңтүстік Қазақстанда үлкен базар 12 минутта күлге айналған

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында үлкен базар өртке оранды. Шағымданушылардың сөзінше, Атакенттегі сауда қатарлары, дүңгіршіктер мен төрт дүкені бар орталық базар бар-жоғы 12 минутта-ақ күлге айналған.
Мақтарал ауданының Атакент елдімекенінде жергілікті тұрғындар сауда жасайтын жалғыз базар әп-сәтте күлге айналған. Тілсіз жауды көзімен көргендер, өрттің қою қара түтінінен санаулы минуттарда тауар толы сауда қатарлары көрінбей қалды дейді. Миллиондардың тауары желге ұшты дегендердің саны қырыққа жуықтайды.

-Мұндай жағдай болмаған, халыққа ауыр болды. Барлығы қарызда міне.
Сатушылардың енді бірі болса, өрт қойылар алдында ұрлық болған дегенді алға тартады. Оған негіз өртенген заттың күлі де ізі де жоқ дейді.
Базар сатушысы:

- Менікі бірінші ұрланған. Ұрланғаннан кейін жағып жіберген.
Базар сатушысы:

- Бірінші тоналған деп ойлаймын. Неге десеңіз, ана жақтағы жанған киімдер орны тұр ғой. Көрініп тұр. Ал мына жерде, мына қыздарда ондай киімнің де ізі жоқ.
Базар әкімдігі шығынды әлі есептеген жоқпыз дейді. Өрттің неден шыққаны белгісіз. Сондықтан сараптаманың қорытындысын күтеміз деп тұрғындарды сабырға шақырды. Енді не істейміз, қайда барамыз дегендерге базарды қайта тұрғызып, сатушыларға ақшалай жәрдем көрсетеміз деді.
АМАНГЕЛДІ ДАНИЯРОВ, Базар басшысы:

- Көрсетіледі. Базарды қайтадан восстановить етеміз. Көмек береміз ғой.
- Қандай көмек?
- Ақша.
Өрт сөндіретін 6 көлік бірнеше сағат өртпен алысқан. 23 киім сату орны, 30 азық-түлік нүктесі, төрт аралас дүкен жермен-жексен болған. Жәбірленгендер қорғаушы да жалдапты. Алайда саудагерлердің құқын қорғауға кіріскен адвокат Бақыт Дүйсенбиев белгісіздерден қорқыту хатын алғанын, оған қоса үйіне өрт қойылғанын айтады. 

31.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста