Обырды емдеудің жаңа әдісі тиімді болып шықты

Обырды емдеудің жаңа әдісі тиімді болып шықты

Таяуда пайда болған жаңа емдеу әдісі қазіргі қатерлі ісікке қарсы иммунотерапияға қарағанда анағұрлым тиімдірек болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі islam.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайында Nature Chemical Biology мерзімді басылымы зерттеу материал жариялаған.

 

Шығыс Англия университетінің (University of East Anglia)  ғалымдары жарықпен белсендірілген қатерлі ісікті емдеудің жаңа буынын жасауға бір қадам жақындады. Футуристік емдеу тәсілі қатерлі ісіктің жанына орнатылған жарықдиодты шамдарды қосу арқылы жұмыс істейді, содан кейін биотерапевтік препараттарды белсендіреді.

 

Бұл бағыттағы зерттеуге жетекшілік еткен UEA Химия мектебінің докторы Амит Сашдеваның айтуынша, бүгінде кеңінен қолданылатын химиотерапия сияқты қатерлі ісік емдеу әдістері обыр жасушаларын жойғанымен сіздің денеңіздегі қан және тері жасушалары сияқты сау жасушаларды зақымдауы мүмкін. Мұның кері әсері сонда, шаштың түсуін, шаршауды және жүрек айнуын тудырып, инфекциялық дертке шалдығу қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан, кері әсері жоқ әдістерді іздеуге тура келген.

 

«Жаңа антиденелер химиотерапияда қолданылатын цитотоксикалық дәрілерге қарағанда әлдеқайда селективті (іріктеп, нақты ауру ошағын таңдап емдеу) болғанымен олар әлі де ауыр тиетін кері әсерлерді тудыруы мүмкін, өйткені, антиденелер сау жасушаларда да бар», - деді ғалым.

 

Соны ескерген UEA командасы ультракүлгін сәуленің белгілі бір толқын ұзындығына ұшыраған кезде нысанасымен коваленттік байланыс түзетін және оны құрайтын алғашқы антидене фрагменттерінің бірін жасады.

 

«Біздің жұмысымыз тиімділігі жоғары, жарыққа сезімтал биотерапевтиканың жаңа класын дамытуға әкеледі, деп үміттенеміз. Бұл антиденелердің ісік орнында белсендірілуі және жарықпен белсендірілген кезде олардың нысанасына ковалентті түрде қосылуы мүмкін екенін білдіреді, тек ісікке жақын орналасқан молекулалар белсендіріліп, басқа жасушаларға әсер етпейтінін білдіреді. Бұл науқастар үшін кері әсерін едәуір төмендетіп, организмде антидененің болу уақытын ұзартады. Бұл әдіс тері обыры секілді онкологиялық ауруларды емдеуде тиімді, алайда, лейкемия (аққан) секілді қанның қатерлі ісігінде тиімді болмайды»,- деді ғалым.

 

Бұл тараптағы зерттеу жалғасын табады, егер келесі кезеңі нәтижелі болса, аталмыш әдіс 10-15 жылда онкологиялық дертке шалдыққан науқастарды емдеу үшін қолданыла бастайды.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста