Калачиде "ұйқышылдық ауруына" шалдыққан ауыл әкімі ауруханада жатыр

Калачиде "ұйқышылдық ауруына" шалдыққан ауыл әкімі ауруханада жатыр

Калачиден Есіл орталық ауруханасына Красногор ауылының әкімі Әсел Сәдуақасова жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Қабдірәшит Әлмағамбетов хабарлады.

"Алдын ала "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" диагнозы қойылды, бірақ ол әзірше нақты емес. Әзірше дәл диагноз қойылған жоқ. Біз оны теңестіру үшін басқа жаққа жіберетін шығармыз, Астанаға жіберуіміз мүмкін. Ол сенбі күні кешке түсті. Оның ауру белгілері ұқсас, бірақ кейбір симптомдары әдеттегідей емес. Оның бойында қорқыныш пен агрессия пайда болды", - деді Әлмағамбетов.

Айта кетейік, соңғы кездері ауыл әкімі Сәдуақасова Калачи тұрғындарын облыс пен ауданның басқа ауылдарына көшіру жұмыстарымен белсенді айналысты.

Сонымен қатар, дәрігердің айтуынша осыдан бір күн бұрын тағы үш бала ауруханаға түскен. "Кеше кешке ауруханаға балалар келіп түсті, оларда әдеттегі белгілер бар: ұйқышылдық, әлсіздік, жүрістері тәлтіректеп, кеңістікті бағдарлай алмайды. Бір баланың жасы төртте, екіншісінікі 14-те және үшіншісі 15 жаста. Олар әр отбасының балалары, бірақ бір көшеде тұрады", - деді бас дәрігер.

Бұған дейін хабарланғандай, 2015 жылдың 5 қаңтарында Есіл ауданынан төрт емделуші санитарлық авиация арқылы Астананың ұлттық ғылыми медициналық орталығына жеткізілді. Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басшысы Абай Байгенжин жеткізілген науқастардың "ұйқышылдық ауруына" шалдығуына көптеген аурудың себеп болғанын айтты.

Бұл аурумен ауырғандар 2013 жылдың 22-23 наурызынан бастап тіркеле бастады, сол кезден бастап қазірге дейін 101 адам көмек сұраған, ал бұл ауруға қатысты жалпы саны 124 оқиға болды, кейбір науқастар бірнеше рет дәрігердің көмегіне жүгінген. Белгісіз аурудың кезекті таралуы 2014 жылдың 20-желтоқсанында тіркеліп, бүгінге дейін 50-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста