Эпилепсияға қарсы препарат ми ісігін емдеуде тиімділігін көрсетті
Эпилепсияны емдеу үшін медицинада қолданылатын габапентин препараты ми ісігімен күресуде тиімділігін көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Ғалымдар тышқандарға зерттеу жүргізіп, препарат мидағы ісіктің өсуін баяулатқанын анықтаған. Washington University School of Medicine in St. Louis енді бұл дәрі қатерлі ісікке қарсы күресте сынақтан өтуі мүмкін екенін хабарлады.
Ми глиобластомасы – ми ісігінің ең көп таралған әрі агрессивті түрі. Ол ағзаның бір-бірімен байланысын өзгертеді.
Ғалымдар жүргізген зерттеу процесінде тромбоспондин-1 молекуласы маңызды рөл атқарды. Оған эпилепсияны емдеуде қолданылатын препарат бағытталған.
Тышқандарға жүргізілген тәжірибе бұл құралдың ісіктің өсуіне қарсы тұратынын және глиобластомамен күресуге көмектесетінін көрсетті.
Ғалымдар габапентин тышқандардың миында ісіктің өсуін баяулатқанын көрді. Сондықтан мұның нәтижесі адамдар үшін де пайдалы болуы мүмкін деп үміттенеді.
«Біз нейрондар қозғыштығын өшіру арқылы NF1 ісіктерінің өсуін блоктай алатынымызды анықтадық. Мұны түрлі тәсіл арқылы жасадық. Эпилепсияға қарсы препараттар тышқандардағы ісіктің өсуін тежеудің тиімді әдісі екенін көрсетті», – деді медицина ғылымдарының докторы, Вашингтон университетінің нейрофиброматоз орталығының (NF) директоры Дэвид Х.Гутманн.