Ақтауда егіз жігітке тұрмысқа шығып жатқан егіз қыздың беташары өтті

Ақтауда егіз жігітке тұрмысқа шығып жатқан егіз қыздың беташары өтті

Ақтауда егіз қыз Асыл мен Айым Биназаровалардың беташары болып өтті. Олар егіз жігіт Төребек пен Жолдасбек Төлепбергенұлыларға тұрмысқа шығып жатыр. Беташардың қалай өткені жайлы егіздің үлкені Төребек Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

Төребектің айтуынша, бұл күндері олардың әжесінің арманы орындалып жатыр екен, себебі ол немерелерінің егіз қызға үйленгенін қалапты. Бірінші болып егіз қыздың үлкені Асылдың беті ашылыпты. Екінші болып рәсімге Айым қатысқан. Үлкені есіктен кірсе, кішісі терезеден кіріпті.

Дәстүр бойынша, үйге бір күнде кіріп жатқан қалыңдықтар бір жерден кірмейді екен. "Тойымыздың адамдарға осыншалықты қуаныш әкеліп жатқаны қандай жақсы. Беташарға шамамен 300 адам қатысты. Тоғызында бұдан да көп болады деп ойлаймыз, себебі танысымыздың бәрін шақырдық", - деді Төребек.

Оның айтуынша, ол қыздарды оңай ажыратады екен, бауыры да дәл солай. "Егер екеуіне қарасам өзімнің Асылымды бірден танимын. Қалай екенін өзім де білмеймін. Басқалар болса үнемі шатастырып жатады. Өзіміз егіз болғаннан кейін шығар. Ал шақыру қағазына түскен суретте олардың бетіне опа-далап жағылғаннан кейін ажырата алмай қалдық. Сондай бір қызық болған", - деді күйеу жігіт.


Айта кетейік, үйлену тойы 9 қазанда өтеді. 4 қазанда қыздардың туған жері - Оралда ұзату тойы өткен болатын.


moreInfo:http://kaz.tengrinews.kz/strange_news/aktauda-egz-jgtke-turmyiska-shyigyip-jatkan-egz-kyizdyin-265436/
copyRules

Осыған дейін олардың туыстары жастардың қалай танысқанын айтып берген еді. Асылмен және Айыммен бірінші болып егіз жігіттердің кішісі Жолдасбек танысыпты. "Ол дүкенге аяқ киім сатып алу үшін келген. Өзіне таңдады да сатушы Айымнан тағы осындай аяқ киімді сұрады. "Сенің егізің бар ма?" деп сұрайды. Ол "иә" деп жауап береді. Сол кезде қыз оған өзінің егізі жайлы айтыпты", - дейді егіз жігіттің ағасы Сұлтан Ұзақбаев.

kaz.tengrinews.kz


moreInfo:http://kaz.tengrinews.kz/strange_news/aktauda-egz-jgtke-turmyiska-shyigyip-jatkan-egz-kyizdyin-265436/
copyRules

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста