Шымкенттік ауқаттылар бір танкіні «көтеріп» алды

Шымкенттік ауқаттылар бір танкіні «көтеріп» алды

«Неменеңе жетістің, бала батыр, қа­риялар азайып бара жатыр...» Мұ­қаңның жүрек сыздатар жырын оқы­ған сайын, келместің кеме­сіне мініп, жа­ғадан алыстап бар жатқан қарт май­дангерлер еске оралады. Орағаң жаз­ғандай, тылдағы жандар да – даңққа лайық іс атқарғандар. Олар да – сол заманның қаһармандары. Ұр­пағы үшін қара тұяғынан хал кет­кен­ше тырбанып, арттағы ағайын­ның амандығын тілеген осынау халық еңбек адамдарының айғағы – араға жылдар салып алыстай түссе де, та­рих парағынан өшпек емес. Себебi бұл – 1414 күн мен түнге созылған азап пен ажалдың, алапат арпалыстың, жан­қиярлық өрлiк пен ерлiктiң арқасында 35-40 млн адамның құрбандығымен келген қасиеттi де қастерлi Жеңiс.
От пен оқ құсқан қан майданмен қатар, тыл­дағы буыны қатпаған балалар, ер-азаматының ауыр бей­не­тiн көтерген аналар, қайраты қайт­қанымен, қа­жы­ры қожырамаған қариялар таң­ды таңға ұрып бел шешпей белсенiп, жан­се­бiлдiкпен еңбек еттi. Ау­зын­дағысын жырып, астындағысынан түсiп, жы­лы­сы мен жұмсағын, қимасы мен қымбатын, iшер ас, киер киiмiне дейiн «Бәрi де майдан үшiн, бәрi де Жеңiс үшiн» деген ұранмен ұрыс аймағына жөнелтiп жатты. 1943 жылдан бастап «Қорғаныс қорына» атаулы қар­жы­лай көмек беру қозғалысы қарқын алды. Осы бас­тамаға елдiң алды болып Сталин атын­дағы фер­ма­ның меңгерушiсi Қыдыр Мәмбетов – 500 мың, атақ­ты палуан Қажымұқан Мұ­ңайт­пасұлы – 100 мың және Шымкент ауданы (қа­зiргi Сайрам ауданы) Қайнарбұлақ бөлiмшесiнiң шо­паны Мыңбай Қар­зақов 100 мың сом ау­дарған.
Былтыр Облыстық мұрағаттар  және құжаттама бас­қар­­ма­сы­ның бастығы Қабылбек Төретайұлы 1943 жы­лы жа­зылған «Қарзақов қарттың қам­қор­лығы» атты хабарды архивтен іздеп тауып, «Өз қа­ра­жа­тымен танк жасатқан» атты мақала жазған болатын. «Мыңбай Қарзақов биыл 62 жаста. Ол – Шымкент ауданындағы Қай­нар­бұлақ колхозының стахановшы малшысы. Мың­бай баққан қой азбайды, азаймайды, се­мiредi, өсе бередi. Демек, ол бақытты тоқ тұрмыс иесi. Мың­байдың жатса-тұрса ойлайтыны – жауды жеңу. Отан үшiн, Жеңiс үшiн ол еш нәрсесiн аямайды.
– Менiң жақын туысқандарымның алтауы май­данда немiс қарақшыларымен шайқасып жүр, – дедi ол жақында колхозшылардың жалпы жиналы­сында. — Олар Отан үшiн қасық қанын, қадiрлi жа­нын қиып жүргенде, бiзге аянатын не бар?! Мен ең­бекпен тапқан бар қаржымды «Қазақстан кол­хоз­шысы» атты танк колоннасын жасау қорына қо­са­мын, банкiге 100 мың сом салып, Сталинге хат жазамын. Колхозшы жол­дастар, сендердi менен қа­лыспауға шақырамын!
Мыңбайдың шақыруын қостап, 66 жастағы Жүнiсбеков Қанай – 10.500 сом, колхоз председателi Бөлешов 20 000 сом бердi. Колхоз бойынша 140 000 сом ақша жиналып, банкке құйылды. Қаржы әлi жи­на­лып, көбейе түсуде. 8 январьда Мыңбай қарт қалаға келiп, банкiге 100 000 сом сал­ды. Сталин жолдасқа телеграмма соқ­ты. Ол өзiнiң хатында: «Менiң ақшама жа­сал­ған танкiге қазақ халқының ержүрек ұл­дары мiнсiн де, фашист арамдарды тап­тап, жаныштасын», – дедi.
Қарзақұлы Мыңбай ақсақалдың жоқ-жi­тiк­теу, қолы қысқалау, кембағал, жұ­қана­ларға жәрдемi көп тиген. Сол ауылда та­лай жыл мектеп директоры болған Қал­қоз Төлтебаев үйленетiн болып, «Қалың­сыз қыз болса да, кәдесiз қыз болмай­ды» дегендейін, ырым жасау керек бо­­лыпты. Той-томалақ, киiт, жол-жобасын жасауға  қажет қаражат жоқ болғасын  қинала-қинала Мыңбай атамызға барып қарыз сұрапты. Сөзге келмей, бiр уыс ақ­шаны будасымен санамай берiп жiбердi.  Міне,  қазаққа тән жомарттық. Риза бо­л­май көр енді.
«Ат ауыздығымен су iшiп, ер басына ту­ған күн» сонау бүкiл халықтық сұрапыл сыннан сүрiнсе де құламаған, қиналса да жыламаған асыл ерлердiң арқасында келген Ұлы Жеңiске тылда жүрiп қаржылай қомақты үлес қосқан асыл азаматтардың ардақты аттары ешқашан ұмытылуға тиiс емес.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста