Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
3 қыркүйек күні таңғы уақытта Ескелді ауданында Toyota Camry және Mitsubishi L200 автокөліктерінің соқтығысуы орын алды. Жол апатына алты адам ұшарады, олардың үшеуі қайтыс болды.
Дерек бойынша “Алматы – Өскемен” автожолының 295 шақырымында Toyota Camry автокөлігін басқарған 40 жастағы ер адам рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, Mitsubishi L200 автокөлігімен соқтығысқан.
Оқиға орнында жас әйел мен 10 жасар бала көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, алайда онда 13 жасар қыз да көз жұмды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық іс тіркелді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу