Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
ЖКО Панфилов ауданында Алматы-Қорғас тас жолының 337 шақырымында болды. 29 жастағы жүргізуші Lada автокөлігін басқара алмай,оның аударылуына жол берді.
Оқиға салдарынан 26 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды.
Зардап шеккен жүргізуші әйел мен екі жасар бала аудандық ауруханаға жеткізілді.
Жол апатының себебі анықталып жатыр. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.