Ресейдің Алтай аймағында "Новосібір-Семей" бағытындағы қалааралық автобус жүк көлігімен соқтығысып, жол апатына ұшыраған. Қаза тапқандар бар екенін жергілікті құқық қорғау органдары растады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі РИА-Новости агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Жауапты ведомствоның ақпаратына сілтеме жасаған агенттіктің ақпаратынша, апат салдарынан 2 адам қаза тапқан және 5 жолаушы жарақат алған.
"Бүгін Алтай өлкесінің Рубцовский ауданында А-322 федералды тас жолының 267 километрінде жүк көлігі мен Новосібір-Семей қалааралық автобусы соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды", - деп жауап берді облыс прокурорының көмекшісі Мария Антошкина басылым тілшілеріне.
Агенттіктің мәліметінше, Алтай өлкесінің прокуроры Антон Германның тапсырмасы бойынша аудан прокуратурасы тексеруді бастады.
Тексеру кезінде көлікті қамтамасыз ету заңнамасының сақталуы, маршруттық көлікпен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі мәселелері қаралатын болады.
Жолаушылар арасында Қазақстан Республикасының азаматтары бар-жоғы туралы мәлімет алу үшін NUR.KZ тілшілері Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.
Айта кету керек, облыстың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Алтай облысы Батыс Сібірдің оңтүстік-шығысында, континенттік Азияның шекарасында орналасқан. Оңтүстік-батысында және батысында Алтай аймағы Қазақстан Республикасымен, атап айтқанда Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. Шекараның ұзындығы 843,6 километрді құрайды.