Астрологиялық болжаммен әуестену адамның мінез-құлқына кері әсер етеді. Мұны Американың Оңтүстік Каролина және Джонс Хопкинс университеттерінің қызметкерлері тәжірибе нәтижесінде дәлелдеді.
The Telegraph-қа сілтеме жасаған Мeddaily.ru порталының хабарлауынша, сынақ барысында еріктілер тобына негативті болжамдар айтылған. Болжам бойынша респонденттер кешкісін не үйде отырып тазалықпен айналысуы қажет, не достарымен қыдыруы қажет болған. Негативті болжам естіген адамдардың ішінде үйде қалып, тазалық жасауды таңдағандары некен-саяқ болып шықты. Кешкісін әлдеқандай келеңсіздік күтіп тұрғанын естісе де, көпшілік қыдырысты таңдаған. «Адамдар тағдырды өзгерте алатынына сенеді. Сол себепті жұлдыз-жорамалда естіген жайттарын айналып өтуді немесе оған керісінше әрекет етуді ойлайды. Астрологиялық жорамалдың негативті болуы адамды қызбалыққа баруға немесе өз іс-әрекетін ақтауға тырысуға итермелейді», – дейді америкалық ғалымдар.