Жер астындағы құпия мекен

Ресейдің Томск қаласының орталығынан жерасты құпия мекен табылды. Біреулер оны бес ғасыр бұрын Борис Годунов салдырған десе, кейбір болжамдар бойынша, бұл үңгір – антикалық дәуір нышаны.
«РИА новости» агенттігінің хабарлауынша, жерасты мекеніне түсіретін жол Томск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан табыл­ған. Шалшықтың әсерінен опырылып түскен жерді қа­зыңқыраған кезде оның бірнеше қабаттан тұратын үлкен апан екені белгілі болды. Жергілікті құтқару қызметі ор қабырғаларының бөрене­лер­мен және жіңішке темірлермен бекітілгенін анықтады. Жер астында оттегі аздығы байқалған, бірақ ешқандай токсикалық газдар болмапты. Томск қаласы 1604 жылы Борис Годуновтың жар­лығымен тұрғызылған. Көнекөздер қала астындағы жерасты ме­кендердің сол кезден бері бар екенін айтады. 1971 жылы осындай беймәлім шұңқырлардың біріне троллейбус құлап кетіпті. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ол апан дереу көмілген көрінеді. Ал кейбір тарих­шылар жерасты үңгірлерінің Томск іргеленбестен бұрын-ақ бол­ғанын жазады. Олардың дәйегінше, катакомба аталатын бұл құпия мекендерді антикалық дәуірдегі гипер­бореялықтар салып кеткен. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста