Тутанхамон перғауын жауынгерлік арбаның астына түсіп өлген болуы мүмкін. Ағылшын ғалымдары оның жарақаты көлік апатына ұшырағандардың жарақатымен ұқсас екенін анықтады.
Segodnya.ua-ның хабарлауынша, ғалымдар шамамен 20 жасында қайтыс болған перғауын мумиясының үш өлшемді компьютерлік моделін жасап, оның неден ауыр жарақат алуы мүмкін екенін зерделеген. Ақыры ол арбаның астында қалып өлген деген тұжырымға келді. Перғауын денесінің сол жағындағы жаншылған тыртық дөңгелектің ізінен аумайды. XIV ғасырда өмір сүрген жас билеушінің мәйіті 1922 жылы табылды. Ол перғауын тағында тоғыз жыл ғана отырған. Осы кезге дейін Тутанхамон кісі қолынан қаза табуы мүмкін деген болжам жиі айтылып келді.