Ғалымдар әлем бойынша табылған ежелгі тауық сүйектеріндегі ДНК үлгілеріне талдау жасап, үй құсының ең алғаш Азия құрлығында қолға үйретілгенін растады. Барлығы 92 археологиялық жәдігер зерттелген.
The Telegraph басылымының хабарлауынша, зерттеуге Еуропа елдері, Таиланд, Чили, Доминикан Республикасы және Тынық мұхит аралдарынан табылған тауық сүйектері алынды. Археологиялық жәдігерлердің 48-інен митохондриялы ДНК үлгісін алу мүмкін болды. ДНК талдауы үй құстарының үш туыс топқа жіктелетінін көрсетті: D тобы – Тынық мұхиты ауданы, В тобы – Оңтүстік-Шығыс Азия аумағы, Е тобы – басқа құрлықтар. Зерттеудің нәтижесінде ғалымдар тауық атаулының осыдан 5,5 мың жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азия құрлығында пайда болғанын растады. Үй құстарының түп негізі Банкив джунгли тауығы тұқымынан тарайды. Ғалымдар ежелгі грек аңыздарында не себепті тауықтың кездеспейтінін енді түсініп отыр. Кейбір еуропалық аңыздарда тауықтар «парсы құстары» делінеді. Сөйтіп, тауықты ең алғаш қолға үйреткен азиялықтар екені дәлелденді, ал ғылымның «жұмыртқа бірінші пайда болды ма, тауық па?» деген басты сұрағына әлі жауап табылған жоқ.
Тауықтың отаны – Азияның оңтүстік-шығысы
Последние статьи автора