Литвада ана болуды қаламайтын әйелдердің өз балаларын қалдырып кетуіне арналған арнайы орын ашылды. Бұл орын енді «Өмір терезесі» деп аталады.
Тастанды балаларды қабылдауға арналған осы іспетті мекемелер Еуропаның бірнеше мемлекеттерінде бар. Ең алғаш рет ол ХII ғасырда Ватиканның «Киелі рух» ауруханасында ашылды. ХVІІ ғасырда Францияда, 2000 жылы Германияда құрылды. Сондай-ақ Швейцария, Австрия, Польша, Жапония, АҚШ-та да осындай орындар қызмет етеді. «Өмір терезесін» ашу идеясы біраз уақыттан бері пайда болған. Аталған ел мамандарының есептеуінше, бұл шара арқылы анасы жоқ, көшеде қалған балалардың өлімін азайтуға болады. Себебі статистика бойынша Литвада әр жыл сайын кем дегенде алты бала қоқыс жәшіктерінен табылып отырады. «Бұл далада тасталған балаларды дер кезінде жылы жерге орналастырып, күтім жасап, өсіруге мүмкіндік береді», – дейді балалар үйінің директоры Петронеле Валаткявичене.