АҚШ Солтүстік-батыс университетінің генетиктері кейбір адамдар үшін таңертең ұйқыдан тұрудың неге қиынға соғатынын анықтады. Бұған себеп болатын генге «24» деген атау берілді.
The Times of India-ның хабарлауынша, университеттің Равви Аллада бастаған зерттеушілер тобы жеміс шыбындарын сынақ-тәжірибеден өткізді. Зерттеу нәтижесінде жәндіктердің ұйқыға кету және ояну циклінің ырғақтары бұзылуына «24» аталатын геннің жетіспеушілігі себеп болатыны дәлелденді. Бұл ген ағзадағы PER протеинін кодтап, сол арқылы ағзаның «табиғи сағатын» реттейді. Ал оның тапшылығы нейрондарда протеинді азайтып, ағзаның ұйқыға кету және ояну ырғағын бұзады. «Кейбір адамдардың күн ұясынан көтерілген кезде де ұйқысынан тұра алмай қиналуы – содан», – дейді Р.Аллада.
Таңертең ұйқыдан тұра алмаудың сыры анықталды
Последние статьи автора