Халықаралық астрономдар қауымдастығы зодиак белгілерін 13-ке көбейтуді ұсынып отыр. Жаңа шоқжұлдызға Жыланұстар (Змееносец) деген атау берілді.
Америкалық астроном Парке Канклдың айтуынша, 12 шоқжұлдыздан тұратын астрологиялық жүйе Ежелгі Вавилон дәуірінде жасалған. Оның негізгі қағидасы бойынша, Күн адамның туған күніндегі шоқжұлдызда орналасуы керек. Бірақ жүзжылдық ішінде Жер қозғалысы орбитасының өзгеруіне сәйкес, бұл жүйе де толықтырылуы қажет. Жаңа зодиак белгісі қарашаның 30-ы мен желтоқсанның 17-сі аралығын қамтиды. Демек, Мерген және Тауешкі белгісіндегі адамдарға өзге шоқжұлдыз нышандарына бейімделуге тура келеді. Астрологтердің мәліметінше, жаңа шоқжұлдызға жататындар төзімді, тәуекелшіл, жаңашыл және көріпкел келеді.
Шоқжұлдыздардың қатары көбейетін болды
Последние статьи автора