Сары шашты қыздар қара шаштыларға қарағанда ашушаң, ұрысқақ келеді. 156 студенттің мінез-құлқын зерттеген Калифорния университетінің ғалымдары осылай деп отыр.
The Times басылымының мәлімдеуінше, ғалымдар сары шашты аруларға қатысты қалыптасқан түсінікті өзгертпекші. Зерттеу көрсеткендей, «мұндай шаш иелері жайдары мінезді, сабырлы келеді» деген пікір жаңсақ. «Блондинкалар» өте агрессивті және кімде-кім ар-намысына тиетін болса, қасық қаны қалғанша өш алуға тырысады екен. Ал қара, қоңыр шашты қыздар мейлінше ұстамды келеді. Сондай-ақ мамандар сары түсті шаш адамның өзіне-өзі сенімді екенін көрсетеді дейді. Айта кеткен жөн, америкалық ғалымдар зерттеуінің шашын сары түске бояп жүретін қыз-келіншектерге қатысы жоқ.