Италияның Тоскан қаласындағы құс фермаларының бірінде қораз жұмыртқа таба бастады. Сирек кездесетін жағдай фермаға түлкі шабуыл жасағаннан кейін болған.
Римдегі бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл өз қорасындағы ондаған тауықтың арасындағы жалғыз қораз болатын. Бірнеше ай бұрын фермаға түлкі кіріп кетіп, тауықтардың бәрін қырып тастаған. Осыдан кейін қорада жалғыз қалған жас қораз жұмыртқалай бастапты. Алғашқыда жұмыртқаны түлкі жеп қойған тауықтардан қалған деп топшылаған. Кейін қораздың ұяны «өз күшімен» толтырғанына көпшілік куә болды. Қазір зоологтар әтештің ДНК-сына талдау жүргізіп жатыр. Мамандардың пікірінше, өмір сүру ортасының қажеттіліктеріне орай қораз жынысын ауыстыруы мүмкін. Мұндай жайт теңіз шаяндары, балықтар, аққулар тіпті, пілдердің де басында кездеседі екен.