Болгарияның археологтері екі қансорғыштың сүлдесін тапты. Олардың денелерінде ұсақ темірлер шаншулы болған.
«Болгарияның Созопол қаласынан ұсақ темірлер шаншылған ортағасырлық екі қансорғыштың сүлдесі табылды» деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл мәлімдеменің негізгі таратушысы – Божидар Димитров – ұлттық тарихи мұражайдың басшысы. Бұл екі сүлде – ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығына дейінгі кейбір болгарлық ауылдарда жүргізілген тәжірибелердің дәлелі. Нақтырақ айтсақ, өмірде өте қатыгез адамдар қайтыс болған күні сол заманның адамдары марқұмның денесіне ағаш немесе темір таяқшаларды түйреген. Сонымен қатар аруақтар түнде қансорғышқа айналған соң, шығып кетпесін деп, табыт қақпағын мықтап бекітіп, шегелеген. «Мұндай қаңқалар бірнеше жылдан бері табылып жатыр», – дейді тарихшылар. Тіптен бұл тәжірибе Балканның көптеген елінде, әсіресе Сербияда бар. Археолог Петар Балабановтың айтуынша, Сербияда 2004 жылы IV ғасырдан қалған алты сүлде табылыпты. Қансорғыштар туралы ең көп тараған аңыз – румындық граф Влад жайында. Ол қолға түскен жауларын қазыққа отырғызып, қандарын ішкен.
Қансорғыштар сүлдесі табылды
Последние статьи автора